Білім күні мерекесімен құттықтаймыз!

Құрметті әріптестер!

Сіздерді  1 қыркүйек – Білім күні мерекесімен құттықтаймыз!

Жаңа 2020-2021 оқу жылы осындай қиындау кезеңде басталғанмен, өткен оқу жылындағы пандемия кезіндегі Сіздердің кәсібилігіңіз, әр балаға ерекше көзқарасыңыз, шексіз шыдамдылығыңыз бен жауапкершілігіңізге шын жүректен ризашылығымызды білдіре отырып, осы жолы да қажымай, талмай еңбектің өлшеусіз үлесін көрсетіп, болашақтың бағдаршамы – ұстаз деген атаққа әрқайсысыңыз лайықты бола біледі деген сенімдеміз!

Мемлекет басшысының қолдауымен қазақстандық білім және ғылым сапасын жаңа деңгейге көтеру жолындағы игі бастамаларға педагогикалық ізденіс, жаңа серпін, сәттілік пен өркендеу тілейміз!

Жаңа оқу жылының қарсаңында «Педагог мәртебесі туралы» Заңның нормаларын, Педагогтік әдеп қағидаларын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтің бастамасымен Департамент базасында құрылған елордалық педагогтердің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Кеңес құрамына білім беру саласына жанашырлықпен қарайтын құрметті тұлғалар мен білікті мамандар енгізілді.

Ұстаздардың ұстазы – Министрдің осы бастамасына сәттілік тілей отырып, бұл бастама – астаналық педагогтердің өз құқықтарының қорғалуына, «айтылар ойларының тыңдалуына» мүмкіндік береді деген үміттеміз. Кеңес тамыз айынан өз жұмысын бастап кетті. Қаланың білім беру ұйымдарының ұжымымен ашық диалог форматында «Педагог үні» тақырыбында кездесуді қыркүйектен бастайды.

Қымбатты әріптестер, Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа оқу жылына шығармашылық табыс, мықты денсаулық тілейміз!

Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Кеңес мүшелері:

Бағымкул Көптілеуова – Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы, Кеңес төрағасы;

Батыр Алиев – Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасы;

Әсима Бимендина – «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғам Холдингі президентінің кеңесшісі;

Роман Ким – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті директорының орынбасары;

Бағлан Сматаева – Білім басқармасы басшысының орынбасары;

Ольга Тодераш – «NUR OTAN» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының партиялық бақылау Комииссиясының мүшесі;

Жанар Туребекова – Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы;

Рамзия Умербаева – қалалық мәслихаттың депутаты;

Жандос Шайдулла – Қазақстандық салалық Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының заңгері;

Мәжит Шуленов – «Білімді ел – Образованная страна» республикалық білімділік қоғамдық-саяси газетінің Дамыту бойынша директоры;

Фарида Эйвазова – «Қолдау» «Білім беру ұйымдарының Қамқоршылық Кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы және Нұр-Сұлтан қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті  Сіздерге мерекелік құттықтау жолдайды.

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий