БҒМ: Бірінші оқу күнінің қорытындысы

Мектепке дейінгі білім беру. Еліміз бойынша мектепке дейінгі біліммен 900 мыңға жуық бала қамтылған. Карантиндік шектеулер жағдайында ата-аналардың қалауы бойынша балабақшаларға балалардың жалпы санының 18,7%-ы барады. Бүгінгі таңда елімізде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 15 709 кезекші топ жұмыс істейді, – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. 

Орта білім. Жаңа оқу жылында 7 мыңнан астам мектеп жұмысқа кірісті, оның 32-сі бүгін, 1 қыркүйекте ашылды. Жыл соңына дейін тағы 77 білім беру ұйымы пайдалануға беріледі. Жеті мыңнан астам мектептің шамамен 3 мыңы дәстүрлі форматта жұмыс істейді. Бұл негізінен ауылдық мектептер. Жаңа оқу жылында 352 091 бала бірінші сыныпқа қабылданды. Бастауыш сыныптарда бір миллионнан астам оқушы бар, олардың 60%-ы ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініші бойынша кезекші сыныптарда оқуды бастады. Қашықтан оқыту форматында 2,6 млн-ға жуық оқушы білім алып жатыр.

«Күнделік». 1 қыркүйек сағат 15:00-дегі жағдай бойынша жүйедегі қаралым саны 3,7 млн. құрайды. «Күнделік» штаттық режимде жұмыс істейді. 1 қыркүйектегі сағат 15:00-дегі жағдай бойынша негізгі білім беру платформаларындағы сессиялардың саны – 2,2 млн. Орналастырылған контентті қарау саны – 6,8 млн. Мектеп оқушыларына уақытша пайдалану үшін 435 мың дана компьютерлік техника берілді. 15 қыркүйекке дейін қосымша 250 мың дана компьютерлік техника беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар бүгін оқушылар үшін сынып сағаттары өткізілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий