Ұстаздық ұлы қасиет

Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық адам бойындағы ұлы қасиет. Ұстаз мәртебесі – мұғалім бойындағы абырой, білім, бар қасиеттердің жиынтығы. Бүгінгі жаңа заманның мұғалімге қояр талабының жүгі ауыр, сондықтан да, ұстаз үлгі боларлық бар жақсылық атаулының ең биігінен көрінуі тиіс. Жақсылық атаулыны ішкі жан дүниесімен қабылдап, өз бойындағы сезімді оқушы бойына дарыта білетін, шығармашылық, өз-өзіне сенімділік пен сабырлылық, табандылық пен төзімділік сияқты мінез-құлық ерекшеліктерін көрсете білетін, жылы жүрегімен жақсылық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын ұстаз қашанда қоғам сұранысы. Сондай ұстаздың бірі – Оразәлі Гулина.

Оразәлі Гулина – Алматы облысының Қарасай ауданындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясының математика пәні мұғалімі. 2009 жылы Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетін математика пәні мұғалімі мамандығы бойынша, 2015 жылы математика пәнінің магистрі мамандығы бойынша аяқтаған. Алғаш еңбек жолы осы гимназиядан басталып, бүгінде 12 жылдық еңбек өтілімен  математика пәнінен сабақ беріп келеді. Оразәлі Гулина – үнемі жаңашылдықты қажет ететін шығармашыл ұстаз. Жаңа ғасырдың жаңашыл, дарынды тұлғасын қалыптастыруда жаңа ақпараттық технологияны, әдіс-тәсілдерді қолданып, сабақтарын түрлендіріп өткізеді.

«Мұхтар Шаханов: «Әрбір бала күйсандық. Ол күйсандықтың кілтін тапқан ғана аша алады» деген болатын. Бала жүрегінен жол тауып, тұлғалық қабілетін ашып, шығармашылығын шыңдап, дарын қабілеттерін одан әрі дамытып, ел ертеңін ұстайтын сауатты, білімді азамат қалыптастыруда ұстаз еңбегі зор. Әрине, бұл – әр ұстаздың парызы. Десе де, бүгінде балалармен жұмыс істеу тек теориялық тұрғыда мықты қарулану ғана емес, әдістемелік тұрғыда жақсы қарулану. Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясы мұғалімдердің шығармашылығын шыңдау, бағыт-бағдар беру, үздік тәжірибелерін тарату және оларды педагогикалық тәсілдермен таныстыру мақсатында үнемі кәсіби қолдау көрсетіп келеді. Гулинаның ұстаздық жолдағы ұстанар ұраны: «Еңбек ет те, білім ал». Кемел білім жолында баланың дамуына мүмкіндік жасау керек. Мақсаты – сауатты, саналы, жан-жақты, шығармашыл, Отанын шексіз сүйетін патриот азамат тәрбиелеу.

Мектеп қабырғасынан ұстаз болуды армандаған Гулина Оразәліқызының білім саласын таңдауына ұстаздары себепші болған.  Мұғалімдік – ерекше жауапкершілікті талап ететін маңызы зор мамандық екенін сезіне білім алды, осы жолда еңбек етіп келеді. Бақытым-мамандығым, бар еңбегім – бала тәрбиесі деп білген, ойы биік, сөзі мен ісі үйлескен ұстазға еңбек ету жолында мамандығына деген сүйіспеншілігі, шәкірттерінің ерекше құрметі бойына қуат, жанына жігер берді. Кез-келген істе шығармашылық танытып, жауапкершілікпен қарауы, ұйымдастыра білуі оның іскерлік жетістіктерін шындай түсті. Ұстаз еңбегі қашанда жетістігімен өлшенеді. Гулина еңбек ете жүріп, бірнеше жетістіктерге жетті. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (2019 ж.), «Дарын» РҒПО-ның (2019ж.) Құрмет грамоталарымен марапатталған. 2018 жылы Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың «Педагогикалық қоғамдастығы мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтады.

Аянбай еңбек етуінің арқасында елеулі жетістіктерге жетті. 2018 жылы, «Дарын» РҒПО  «Педагогикалық идеялар фестивалі» ІІ орын, «Дарын» РҒПО «Үздік авторлық бағдарлама» ІІ орын, 2019 жылы НИО Республикалық Ұлттық интернет олимпиадасы  I орын, «Үздік математик – 2019» Қазақстан Республикасы білім өркениетті жеңімпазы атанса, 2019 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ұйымдастыруымен өткен Құлжабай Қасымов атындағы физика-математика  пәндері бойынша Республикалық олимпиадаға қатысып, Алғыс Хатпен марапатталды. 2018 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық Университетінің ұйымдастыруымен өткен Республикалық ғылыми жоба конкурсында I орынды иеленді. 2019 жылы «Дарын»  РҒПО-ның ұйымдастыруымен өткен «Математикалық регата-2019» атты мұғалімдер арасындағы олимпиадасында жеңімпаз атанды. Халықаралық дәрежеде өткен конкурс, байқауларда да оқушылары көп жетістіктерге жетті.

Ресей Федерациясы Мәскеу қаласында өткен «Математика және жобалау» ғылыми жобалар байқауында, Халықаралық ЮНЕСКО ассоциациялық Қоры ұйымдастырған «ғылыми жобалар» байқауында дайындаған оқушылары жүлдегелер атанды. Сонымен қатар, Кіші Ғылым Академиясының ұйымдастыруымен өткен республикалық ғылыми жобалар байқауында, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ұйымдастыруымен өткен Құлжабай Қасымов атындағы физика-математика  пәндері бойынша республикалық олимпиадасында, республикалық «Ай-қанат» олимпиадасында, КИО, НИО  Республикалық Қазақстан интернет олимпиадасында оқушыларының бірнеше жетістіктерге жеткенін ерекше атап өтуге болады.

Гимназияның дарынды, білімді оқушылары ізденіспен келген ұстаз мерейін асқақтатуда. Гимназиядағы жылы әріптестік қарым-қатынас, әдістемелік көмек, дамуға деген ықпал ұстаздың жан-жақты кәсіби өсуіне ықпал ете білді. Жас та болса әріптестеріне кәсіби қолдау көрсету мақсатында бірнеше рет облыстық, республикалық семинарларда сабақтар беріп, іс-тәжірибесін таратып келеді. Гулина ұлттық құндылықтарды ұстана отырып, өз сабағын шеберлікпен өткізе білетін білікті маман, мықты көшбасшы.

Гүлдана Нурдиновна ЕЛШИМАНОВА,
Дарынды балаларға арналған үш тілде
оқытатын
Әл-Фараби атындағы арнаулы
гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі, Алматы облысы, Қарасай ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий