Дарынды балаларға арналған мектептер “Мың бала” Ұлттық олимпиадасының жеңімпаздарын қабылдау үшін таласпақ!

Бүгін, яғни қыркүйек айының 3-і күні Нұрсұлтан Назарбаев Қорының порталында (www.fnn.kz)  ауыл оқушыларына арналған “Мың бала” бірінші Ұлттық олимпиадасында жеңіске жеткен 1000 жеңімпаздың есімі жарияланады, – деп хабарлайды “Елбасы Академиясы” КҚ баспасөз қызметі. 

Жоба Елбасының «Ел үміті» бастамасының аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ бірлесіп  жүзеге асырылуда және ол жыл сайын өтетін болады. Олимпиада екі кезеңде өтіп, еліміздің ауыл мектептерінің 5 және 6 сыныптарының 295 мың оқушысын қамтыды. Олимпиада қорытындысы бойынша екінші кезеңнің 5 мың қатысушысынан 1000 жеңімпаз іріктелді.

Алтыншы сыныпты бітірген жеңімпаздарды Республикалық физика-математика мектебі, “Білім-инновация” лицейлері  және “Дарын” мектептері сияқты дарынды балаларға арналған мектептерде тағатсыздана күтеді. 5-сыныпты бітірген жеңімпаздар үшін Елбасы Академиясының қашықтан білім беру мектебінде ақысыз олимпиададан кейінгі сүйемелдеу ұйымдастырылады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий