Жамбыл облысы: Жаңа мектеп пайдалануға берілді

Биылғы жаңа оқу жылында аймақтағы Түрксіб ауылында №6 мектеп-гимназиясы өз есігін айқара ашты. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа оқу ордасындағы алғашқы шараға қатысты. Карантиндік шектеулерге байланысты іс-шараға тек бірінші сынып оқушылары мен мектеп түлектері ғана қатысты, – деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.


Аймақ басшысы мұғалімдерді, оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Биыл мектепте 600-ге жуық оқушы екі ауысымда оқитын болады. Білім мекемесінде балалардың сапалы білім алуларына барлық жағдай жасалған. Мектепте 22 оқу қабинеті, қос компьютерлік сынып, робототехника және лингафон кабинеттері, спорт зал, асхана, ұлдар, қыздар шеберханасы бар. Сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігі үшін 20 бейнебақылау камералары орнатылған.

Бұдан бөлек, Түрксіб ауылында мыңнан астам оқушы білім алатын А.Макаренко атындағы тағы бір мектеп бар десек, бұл оқу ордасында бұған дейін орын тапшылығы байқалған-ды. Енді жаңа № 6 мектеп-гимназиясының ашылуымен ол мәселе өз шешімін тауып отыр. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа мектепте жоғары сынып оқушыларына арнап алғашқы сабақты өткізді. Оған онлайн-режимде Жамбыл ауданының тағы да бірнеше мектебі қосылып отырды.

Бердібек Сапарбаев сабақ барысында қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы жас ұрпақтың рөлін, балаларды ұлттық дәстүр негізінде тәрбиелеудің маңыздылығын талқылады. Айта кетейік, осы секілді онлайн сабақтар аудан әкімдері, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлерінің қатысуымен облыстың барлық мектептерінде өткізілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий