Маңғыстау облысы: Мектеп туризмін дамытудың болашағы зор

Жуырда балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығының ұйымдастыруымен туризм-өлкетану, қоршаған орта экологиясы үйірмелері мен музей, жылыжай жетекшілері арасында облыстық секциялық отырыс ұйымдастырылды, – деп хабарлайды облыстық білім басқармасы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы ақпараттық -талдау бөлімі.

Қашықтан өткізілген бұл басқосуға ҚР БжҒМ кеңесшісі, республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының» директоры Р.Шер, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары А.Тұржанова, аймақтағы инвестициялар және туризмді дамыту басқармасы туризм бөлімінің жетекшісі Г.Жариева, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Е.Әділбаев және аудандық, қалалық білім бөлімдері мен білімді дамыту орталықтарының жауапты мамандары, мұғалімдер және Түркістан облыстық, Ақтөбе қалалық жас туристер станциялары директорларынан құралған барлығы 94 адам қатысты.

Секциялық отырысқа қатысушылар БжҒМ қабылданып жатырған шешімдер мен жаңа оқу жылының ерекшеліктері туралы Раиса Шердің, облыс мектептеріндегі оң өзгерістер, жаңа оқу жылындағы негізгі мәселелер туралы Айжақсы Тұржанованың хабарламаларын тыңдады. Орталық директорының міндетін атқарушы А.Темірланова «2019-2020 оқу жылындағы атқарылған жұмыстар, жаңа оқу жылының міндеттері» тақырыбындағы баяндамасында 2019 жылы орталық ұйымдастырған тамыз кеңесі секциялық отырысында қабылданған ұсыныстарды жүзеге асыру мақсатында  2019/2020 оқу жылында атқарылған шараларға тоқтап, жаңа оқу жылында білім беру ұйымдарындағы экологиялық білім, музей қызметі, вариативтік сағаттардың ұйымдастыру жұмыстарына басымдық берілетінін айтты. «Мектептегі туризм – өлкетану жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері тақырыбындағы баяндамасында Маңғыстау ауданы, Өтес орта мектебінің география пәні мұғалімі, Надирова Гүлсім Құрманбайқызы соңғы төрт жылдан бері туристік-өлкетану бағытында ашылған «СЕЙСМО-8» үйірмесінің жетістіктері мен кездескен қиыншылықтар, оқушылардың ізденістері, үйірменің материалдық жабдықталуына қалай қол жеткізгендері, облыстағы жоғары оқу орындарының ғалымдарымен бірлесе атқарып отырған шараларын таныстырып, үйірме жұмысына деген көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Бейнеу ауданындағы Үстірт орта мектебінің биология пәні мұғалімі Таңатарова Асыл Әбдіғалиқызы «Шағын жылыжай жүйесін дамыту арқылы мектепаралық бәсекеге қабілетті шаруашылық құру» баяндамасында білім басқармасының «Жасыл мектебім-жасыл мекенім» жобасының аясында ашылған мектептің шағын жылыжайында мектеп аумағын көгалдандыра отырып, оқушылар үшін оқу зерделеу алаңының құрылғаны, мектеп оқушылары үшін фитотерепия емдік шарасының жүргізілетіні туралы айтып, ұстаздарды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шілде айындағы тапсырмасына орай, оқушылардың табиғатты аялауға, қорғауға деген қызығушылығын арттыру мақсатында экологиялық білім беруді күшейтуді және ауыл экотуризмін дамытуды ұсынды.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Әділбаев Есенқос Естөреұлы өлкедегі экологиялық жағдайды жақсарту және халыққа экологиялық тәрбие беру үшін дәстүрлі түрде өтіп келе жаткан «Табиғатпен үндес мектеп», «Табиғатпен үндес балабақша» облыстық байқауларының нәтижесінде жоғарыда айтылған Үстірт орта мектебінен бастап, облыста 30-ға жуық білім ұйымдары жасыл желекке оранып, ауылды аббаттандыру жұмыстарының күн тәртібіне алынғандығын және 2020/2023 жылдарға арналған білім басқармасымен бірлесіп жасалған экологиялық бағыттағы іс-шаралар жоспарын таныстырды.

Маңғыстау облысының инвестициялар және туризмді дамыту басқармасының» туризм бөлімінің басшысы Жариева Гүлсім Омарқызы  өңірдегі туризмнің дамуы, білім басқармасымен, оның ішінде туризм орталығымен бірлестікте атқарылып жатырған жұмыстар туралы, орталықтың қызметін жолға қоюда жеке ғимараттың қажеттігі, туристерді тасымалдау үшін автобустың міндетті екендігі  туралы ұсыныстарымен қатар,  мемлекеттік тапсырыс бойынша басқармада туризм қызметкерлеріне арналған кәсіби білім жетілдіру курстарының ұйымдастырылатындығын хабарлады. Секциялық отырыс соңында балаларға қосымша білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін бірқатар педагогтар орталықтың алғыс хатымен марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий