Елордалық әкелер кеңесінің құттықтау челленджі

Қай уақытта да отбасындағы әкенің орны ерекше. Әкенің көмегімен балалар әлем, еңбек, технология жайын танып біледі. Барлық оқушылар үшін үлкен  шаттық  сыйлайтын биылғы қашықтан ұйымдастырылған жаңа оқу жылында елордалық әкелер кеңесі мектеп оқушыларына арнап құттықтау челленджін түсірді, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласындағы Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының баспасөз қызметі.

Бұл құттықтауларында әкелер балаларға сәттілік, шығармашылқ табыс, жаңа оқу жылында жаңа белестерді бағындыруды тілеген болатын. Бұл жобаның мақсаты – оқушылардың білім алуға, мектеп өміріне, таным процесіне деген қызығушылықтарын ояту. Бұл тұрғыда әкенің қосар үлесі орасан зор. Жобаға №40 МЛ, №81 МГ, №59 МЛ, №36 ОМ, №61 ОМ, №47 МГ, №37 ОМ ата-аналары қатысып, үлкен белсенділік танытты. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий