Фото сапар: Отаным – Қазақстан

Барша отандастарымыз жыл сайынғы тамыз айының 30-ын тәуелсіз мемлекетіміздің тарихындағы маңызды оқиғаны – ең жоғары нормативтік құқықтық акт – Қазақстан Республикасы Конституциясы қабылданған күн ретінде айрықша атап өтетіндігі белгілі. Ата Заңымыздың қолданысқа енгеніне биыл 25 жыл, – деп хабарлайды елордалық Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының баспасөз қызметі.

Ширек ғасырлық мерейтой ең маңызды құндылық – мемлекетіміздің өркендеуін, тыныштығы мен ұлылығын бейнелейді.  Қосымша білім беру орталығының педагогтері біздің ортақ үйіміз Қазақстанның ең көрікті жерлері бойынша фото-сапар жасаған болатын: Үлкен Алматы көлі, “Шымбұлақ” тауы, ШҚО “Толағай” тауы, “Көлсай” көлі, “Бөлектау” тауы, “Баянауыл” ұлттық паркі, “Алакөл” көлі, “Бурабай” көлі.

Жобаның мақсаты – жұртымыздың бірегей көркем жерлерін мемлекет ішіндегі әл-ауқат пен тұрақтылықтың,  ұлы қазақ халқының бейбітшілігі мен келісімінің кепілі ретінде көрсетуге бағытталды. Еліміздің әрбір азаматы өз құқықтары мен бостандықтарын толығымен пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар өз міндеттерін адал атқаруы тиіс, сондай-ақ заңды сақтап, құрметтеген жағдайда ғана еркін өмір сүріп, болашаққа сеніммен қарай алады!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий