Салалық білім кәсіподағы республика ұстаздарына ноутбуктар табыстады

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы мен оның мүшелік ұйымдары республикамыздың білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін ұстаздарға барлығы 1000 жуық ноутбук құрылғысын табыстады. Бұл туралы салалық кәсіподақтың баспасөз қызметі хабарлады.

 

Қашықтан білім беру процесін тиісті деңгейде ұйымдастыруға үлес қосу мақсатында  «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ педагогтарды қолдау туралы шешім қабылдаған болатын. Осы жұмыстардың аясында жаңа оқу жылы қарсаңында сала қызметкерлері – кәсіподақ мүшелеріне жан-жақты көмек көрсету шаралары жүзеге асырылды. Тек Жамбыл облысында 336 бірлік ноутбук аймақтағы білім беру ұйымдарының балансына берілсе, қалған өңірлерде ноутбук құрылғылары сала қызметкерлері – кәсіподақ мүшелеріне қайтарымсыз негізде сыйға тартылды.  

Атап өту керек, ноутбуктер көпбалалы, аз қамтылған ұстаздарға, мұқтаж педагогтарға, сонымен қатар отбасында мектеп жасында және студент бірнеше баласы бар кәсіподақ мүшелеріне берілген. Бұдан бөлек, бірқатар облыстарда Салалық кәсіподақтың мүшелік ұйымдары ұстаздарға ноутбук сатып алуы үшін қаржылай көмектесті.  

Сонымен қатар, кейбір аймақтарда кәсіподақ интернет байланысының өтемақысын төлеп беруде. Мәселен, Қарағанды облысында Саран аудандық кәсіподақ комитеті 39 педагогтың, Абай аудандық кәсіподақ комитеті 50 кәсіподақ мүшесінің интернет тарифінің құнын төлеуге материалдық көмек берді. Қазіргі таңда Салалық кәсіподақ пен оның мүшелік ұйымдары Республикалық «Мектепке жол» акциясына белсенді түрде қатысуда. Пандемия кезеңінде кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қолдау және құқықтық қорғау жұмыстары жалғасады.

(https://www.facebook.com/1024709141033860/posts/1563819103789525/)

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий