Асхат Аймағамбетов: Оқулықтарды әзірлеуде бірыңғай ортақ талап енгізіліп, балалардың жас ерекшелігіне қоса психологиясымен қатар мемлекеттік тіл саясаты барынша ескеріледі

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқулық мәселелеріне арналған бүгінгі онлайн жиын барысында: – Біз оқулықтарға қатысты проблемаларды біліп, соны шешуіміз керек. Бүгінде мектеп оқулықтарының мазмұнына, оқу бағдарламасына және кітаптың форматына да байланысты сұрақтар бар. Оқулықтарда жіберілетін қателіктерге де қатысты мәселелер айтылуда. Осыған орайда оқулықтарды әзірлеуде бірыңғай ортақ талап енгізілді. Оқулық әзірлеуде балалардың жас ерекшелігі, психологиясымен қатар мемлекеттік тіл саясатын да ұмытпауымыз керек. Сонымен қатар, оқушыларды электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету де маңызды, – деді.

Қашықтан ұйымдастырылған басқосу барысында еліміздің бас ұстазы оқулықтардың сапасы мен мазмұнына қатысты сұрақтар мен ескертулер жиі келіп түсетін пәндерді атап айтты. Бүгінде Қазақстан тарихы пәні бойынша ортақ оқулықтың болу мәселесі қолға алынуда. Себебі егемен еліміздің тарихы жазылған ортақ оқулық болуы қажет деген ұсыныс келіп түсті. Сол сияқты Көркем әдебиет оқулығы бойынша да өзгерістер қажет. Егер біз саналы ұрпақ тәрбиелейміз десек, онда көркем әдебиеттің орны ерекше. Балаларды тәрбиелеуде көркем әдебиет жеткілікті ма? Мектеп кітапханаларының бүгінгі жағдай қандай? Осы дүниелерді кеңінен қарастыруымыз қажет. Одан бөлек, Қазақ әдебиеті оқулығының мазмұнына қатысты да сұрақтар көп. Оның ішінде кейбір қазақ классиктерінің кітапқа енбей қалу мәселесі бар. Осы айтылған дүниелерге қатысты сұрақтар мен ұсыныстар бізге жиі келіп түседі. Бүгінгі кездесуде осы және өзге де оқулықтарға қатысты сұрақтарға жауап қарастыратын боламыз, – деді Асхат Қанатұлы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий