Асхат Аймағамбетов: Балабақшаларда ағылшын міндетті пән ретінде оқытылмайды

 

Өскемен қаласының іргесіндегі Ахмер ауылы тұрғындарының  көптен күткен  арманы болған №49 жалпы білім беретін мектебі шәкірттеріне есігін айқара ашты. Жаңа үлгідегі білім шаңырағы мың оқушыға арналған және 113 мұғалім бар, – деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

 

Бұл әсем ғимаратты «Алаш-құрылыс.kz» компаниясы салып, 210 985 000 теңгені құрайтын қажетті жабдықтарымен толық қамтамасыз етті. Абаттандыру жұмыстарын жүргізген «DK проект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Тренажер залындағы заманауи жабдықтар мүгедек балалардың денсаулығын нығайтуға септігін тигізсе, лингафон кабинеті тілдерді еркін игеруге жағдай жасайды. 384 орындық акт залы, 172 компьютері бар информатика кабинеттері, медиатека, робототехника, химия, физика, АӘД кабинеттері, шеберханалардағы техникалық жарақтар көздің жауын алғандай.

 

Мектеп қажетті жиһаздармен жабдықталған. Музыка кабинетіндегі жиырма бес домбыра, музыкалық орталық, өзге де ұлт өкілдерінің ұлттық аспаптары ерекше көзге түседі. Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына орай аймақ басшысының қолдауымен Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылында 300 орындық мектеп жаңа оқу жылында пайдалануға берілді. Ұстаздар ұжымының құрамына жетпіс педагог тартылған.

 

Білім ордасының материалдық-техникалық базасы оқушылардың цифрлық сауаттылықтарын арттыру мақсатындағы робот техникасы, ақпараттық технологияларды еркін меңгере алатын  IT сыныбы, әр түрлі нысандарды 3D модельдеуге үйрететін  виртуалды шынайылық кабинеті, ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытумен қатар тәрбиелеуге бағытталған. Өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін шыңдайтын мультимедиялық журналистика және инклюзив кабинеттері бар.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий