Мың баланың 83-і ақмолалық оқушы

Елбасының «Ел үміті» бастамасы аясында, ауылдық мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттіктерін дамыту және қолдау мақсатында Қазақстанда биылғы жылы алғаш рет «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы ұйымдастырылды. Олимпиаданың басты үйлестірушісі – “Елбасы академиясы” корпоративтік қоры, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Баршамызға белгілі ұлттық олимпиаданың алғашқы сынақ кезеңі биылғы жылдың ақпан айында басталған болатын. Білім бәсекесіне еліміздің ауыл мектептерінің 5 және 6 сыныптарынан 295 мың оқушы қатысты. Олимпиада сырттай және күндізгі кезеңде ұйымдастырылып, сырттай кезең қорытындысы бойынша математика, жаратылыстану, информатика, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінің нәтижелері негізінде бес мың оқушы іріктелді.

“Мың бала” ұлттық олимпиадасының алғашқы кезеңіне біздің аймақ бойынша 13731 шәкірт бақ сынаған болатын. Олардың 7079 бесінші сынып оқушылары болса, 6 сынып оқушысы – 6652. Ағымдағы оқу жылының І және ІІ тоқсанындағы бағалау нәтижелері негізінде алты пән бойынша 300 оқушы (150 – бесінші сынып оқушылары, 150 – алтыншы сынып оқушылары) олимпиаданың қорытынды кезеңіне жолдама алды.

Тамыз айының екінші он күндігінде ұйымдастырылған бірінші ұлттық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 207 оқушы қатысса, екінші кезеңі күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық шараларды қатаң сақтау арқылы елордасындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде (қатысушылар саны – 128) және Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде (қатысушылар саны – 79) өткізілген еді. Олимпиаданың қорытынды кезеңінің нәтижесінде ақмолалық 83 оқушы жеңімпаз атанды.

Оның ішінде бесінші сынып – 49 оқушы, 6 сынып -34 оқушы және алтыншы сыныптың бір үміткері республикалық физика математикалық мектебіне ұсынылған. Өтініш беруге арналған парақша қыркүйектің бесі күні іске қосылып, қабылдау мерзімі бүгін аяқталды. Өтініштерді қарау мерзімі үш жұмыс күнін құрайды. Қосымша ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады: https://fnn.kz/ru/site/news/view?id=494. Үздіктерді шын жүректен құттықтап, болашақта білімнің биік шыңдарынан көрінулеріне тілектестік білдіреміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий