Қызылорда облысы: 58 мектеп жан басына қаржыландыруға көшті

Биылғы жаңа оқу жылында сырбойылық елу сегіз мектеп жан басына қаржыландыру тәртібі бойынша жұмысты бастап кетті. Яғни әрбір мектепке бала санына қаржы бөлінетіндігі туралы жақсы жаңалықты Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мәлімдеді, – деп хабарлайды осы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Қыркүйектің бірінен бастап Арал ауданынан – 9 мектеп, Қазалыдан үш, Байқоңыр қаласынан – 5, облыс орталығынан қырық бір барлығы 58 білім беру ұйымы жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшуде. Бұл жаңа жүйенің басты талабы мектеп арасында өзара бәсекелестік туындатып, материалдық базаны нығайтуға жұмсалатын қаржыны бала санына сәйкес біркелкі бөлінуіне ықпал жасайтын болады.

Бала санына қарай қаржы бөліну тетігі директорлардың жұмысын жаңа деңгейге шығарады. Бұл ретте мектеп басшысы жаңа білім беру мазмұнын дамытудың жолдарына қарай жұмысты үйлестіріп, оқушылардың жетістігі мен мұғалімдерді қолдау бағытын күшейтеді. Айта кетейік, жаңа оқу жылында балаларға патриоттық тәрбие беруде «Құңдылықтарға негізделген білім беру» жобасы енгізіліледі. Сонымен бірге 53 мектепке факультатив негізінде домбыры сағаттары бөлінуде.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий