“Жас маман” жобасы жүзеге асуда

Қызылорда облысында «Жас маман» жобасы аясында төрт колледждің материалдық – техникалық базасы заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1,2 миллиард теңге қаржы бөлінді, – деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

– «Жас маман» жобасы біздің өңірдің жас кадрлардың даярлауда, еңбек балансын реттеуде жаңа мүмкіндік ұсынады. Қазіргі таңда, еліміз бойынша кәсіптік білім беру саласын модренизациялау жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта, өңірімізде тиісті жұмыстар қолға алынуда, –  деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова. Бүгінгі күні мемлекеттік – жекешелік әріптестік аясында студенттерге қажетті жатақханалар салынуда. Мәселен, былтыр 330 орынды жатақхана пайдалануға берілсе, биылғы жаңа оқу жылында 475 орынды жатақхана іске қосылады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий