Адамгершілік және төзімділік мұғалімі

Отандық педагогика саласының үздігі және білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстан халқы Ассамблеясы филиалының қоғамдық келісім кеңесінің жетекшісі Маруаш Сағындықова “Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл” мерекелік медалімен марапатталды. Мемлекеттік награданы Екібастұз қаласының әкімі Ержан Иманзаипов табыстады, – деп хабарлайды Павлодар облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ақмола облысының Бестөбе елді мекенінде кеншілер отбасында дүниеге келген ол 1966 жылы Целиноград педучилищесіне оқуға түсті. Ақкөл мен Екібастұз қаласындағы білім беру ұйымдарында алғашқы еңбек жолын бастады. Жігерлі жанның батыл бастамасымен арнайы мұражай мен достық үйі елдің игілігіне пайдалануға берілді. Кейіпкеріміз құрметті еңбек демалысына шыққаннан кейін білім беру саласындағы жергілікті адагерлердің кеңесін басқарды. Алты бұл бұрын жастарды адамгершілікке тәрбиелеумен айналысатын “Ана ұлағатты” қоғамдық бірлестігінің басшылығына сайланды. Ұлтаралық бірлік пен келісімді нығайту аға буын өкілдерінің мәртебелі миссиясы.

– Бұл марапат мен үшін ерекше. Ассамблея тәуелсіз мемлекетімізде тұратын жүзден астам ұлт пен ұлыстардың басын біріктіруде. Олардың тілін, тарихын, өнерін дамытуға және жандандыруға үлес қосады. Біздің тарихи қаланың достық үйінде 13 этномәдени орталық бар. Менің ойымша бұл марапат барша отандастарымыздың арасындағы татулық пен бірліктің нышаны әрі ынтымақтың бейнесі. Халықтар достығының беріктігі нәтижесінде еліміздің уақыт өткен сайын ілгері дами түсетіндігіне сенімдімін, – дейді Маруаш Жолтанқызы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий