Назарбаев зияткерлік мектебі: Мұғалімінің жаңа кітабы жарық көрді

Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің биология пәнінің мұғалімі Хассан Саберенің «Жасанды интеллект- мұғалімге арналған (AIT)  оқыту моделі» (Instructional Model For Developing an Artificial Intelligence Teacher (AIT) атты жаңа кітабы жарық көрді, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Өзінің кітабында  Сабере мырза жасанды интеллект – мұғалімді  жасау және бұл саланы дамыту үшін қолданылатын озық әдістәсілдері мен оқыту стратегияларына тоқталып, оқыту принциптері мен зерттеулерге негізделген нақты  жоспар ұсынады. Хассан Сабере Америка Құрама Штаттарында және бірқатар мемлекеттерде жұмыс істеп, түрлі топтағы студенттерге сабақ берген тәжірибелі маман. Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде білікті ұстаз бес жылдан аса еңбек етіп келеді.  

– Менің екінші кітабым amazon.com сайтында жарияланғаны туралы мақтанышпен хабарлаймын. Бұл жетістік  Назарбаев Зияткерлік мектептерінің қызметкерлерінің жан жақты дамуына ықпал ететін,  COVID 19 сынды қиындықтарға қарамастан  өркендеп, дами беретін ұйым екенін дәлелдейді. Кәсіби салада эскалация болмаса, жұмысымызда жаңа серпін болмаса, регресс орын алатынын баса айтқым келеді. Келесі жылы біз биылғы жылғыдан да жақсы боламыз деп үміттенемін, – дейді халықаралық ұстаз.

Айта кету керек, бұл автордың екінші кітабы. 2017 жылы «Инновациялық оқыту: вертикаль және горизонталь құрылымдар, оқытуды жетілдіру кезеңдерінің нұсқасы» (A Vertical and Horizontal Framework for Innovative Teaching: The Step-by-Step Framework to Excellence in Teaching) атты бірінші кітабы жарық көрген болатын. Педагогтар мен ата-аналарға  жаңа  толқын оқушыларды оқыту мәселесін шешуге көмектесетін  бұл кітапта оқытудың озық  әдістері туралы айтылып, білім беру саласын жетілдіру жолдары қарастыралады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий