Жолдау ұстаздарды ынталандырады

Қазақстан Республикасының Президенті Қосым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенаты мен Мәжіліс депутаттарының жазғы демалысынан кейінгі бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдау жариялады. Мектеп оқушылары мен студенттерді Білім күнімен құттықтаған Президент білім қызметкерлерін өз күш-жігерлерін болашақ ұрпақты тәрбиелеуге бағыттауға шақырды.

Биылғы алғашқы қоңырау ерекше форматта өтіп және қашықтан оқитын оқушыларға сынып сағаттары өткізіліп, түсіндірілу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Президенттің 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысы 25  пайызға арттыру туралы шешім қабылдағаны мұғалімдер қауымын қатты қуантты. Алдағы уақытта да кезең кезеңімен педагогтар жалақысының өсетіні  айтылып, алдағы үш жылда қосымша 1,2  триллион теңге бөлінетіні ұстаздар еңбекақысының екі есеге артатыны әр мұғалім, оқытушы үшін үлкен мотивация. Білім сапасына ерекше көңіл бөліп қана қоймай, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелесек қана дамыған мемлекет болатынымыз туралы айтқан ел Президентінің білім саласына, педагогтар мен өсіп келе жатқан жастардың әлеуметтік мәселелерін шешудің жолдарын нақтылап бергені бұл өзекті мәселелерге Президент пен үкімет тарапынан үнемі көңіл бөліп отыратынын көрсетті. 

Алдағы уақытта дәстүрлі білім алу форматына қайта көшудің тәртібі әсірленетіні, Қазақстанның жаңартылған білім мазмұнына толығымен көшкені үлкен сеніммен айтылды. Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда кеткен қателіктерді атаған ел Президанті Қ.Тоқаев әлі бір нақты оқыту платформасының жоқтығын, тыңғылықты оқу үдерісін ұйымдасиыруға арналған бірыңғай онлайн білім беру платформасын әзірлеу қажетттігін де күн тәртібіне қоюы өте орынды және өзекті мәселе. Қазіргі әлемдік жаһандану кезеңінде мемлекеттік қызмет 25 пайызға қырқартылуы мен үнемделген қаражат сол мемлекеттік қызметкерлер жалақысын көтеруге бақытталуы оң қадам деп есептейміз.

Мендігүл ШИНДАЛИЕВА,
Еуразия ұлттық университеінің Баспасөз
және баспа ісі кафедрасының профессоры,
филология ғылымдарының докторы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий