Атырау облысы: Мектептер оқулықтармен толық қамтылды (бейне жазба)

Қазіргі уақытта  738 353  дана оқулық аймақтағы білім беру ұйымдарына толық жеткізілді, – деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

 

Облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиевтың айтуынша, биыл мектеп оқушылары оқулықтармен толығымен қамтамасыз етілген және барлық мектептердің сұранысына сәйкес толық таратылу үстінде.

– Жаңа оқу жылында атыраулық оқушылар кітаптан еш таршылық көрмейтін болады. Облыстық білім беру басқармасы 738 353 дана оқулық сатып алу үшін 19 баспамен 110 келісім-шарт жасасқан болатын. Бүгінде сол оқулықтар баспалардан толықтай алынды, – деді ол жергілікті бұқаралық ақпарат қралдары өкілдерінің сауалына жолдаған жауабында.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий