Абай адамға қандай ой салады?

Абай Құнанбайұлы– қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі. Ұлы тұлға Абайдың есімі таңсық болар қазақ жоқ шығар. «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» – демекші, Абайдың артына қалдырған өшпес ізі, асыл мұрасы қазіргі күні негізгі тәрбие құралы және адамның өзін-өзі танып білудегі басты бағытына айналды.Осы тұрғыда, Абай атамыздың тағылымы терең шығармалары адамға қандай ой салады?

 

Біріншіден, мен Абай шығармаларын оқи отырып, бұл жалған дүниеде адам тек өзіне ғана сену керек екендігін ұғындым. Өз өлеңінде «Өзіңе сен өзіңді адып шығар, Еңбегіңмен ақылың екі жақтап» -дей отыра, адам кез келген жағдайда тек өзіне сене білу керек екендігін, басқаның көмегіне сүйенбей, өз ақылымен еңбегінің арқасында ғана алдына келген сынақтан өте алатындығына көз жеткізуге болады. Осы бір ауыз сөз күнделікті өмірде де көрініс тауып жатады. Мысалы, қазіргі жастар емтихан кезінде тек жақсы баға алуды ғана ойлап, өз қатесін түзеуге, білмегенін білуге тырыспайды. Сол себепті менде осындай қарапайым қателіктерге бой алдырмас үшін, Абайдың сөздерін ұғынуға тырысамын.

Екіншіден, Абай шығармаларының көп бөлігін ғылыммен ілімге арнаған. Абай өз заманында надандықтан арылудың қамын ойласа, қазіргі заман керісінше білім заманына айналды. Абайдың кең таралған өлеңдерінің бірі «Ғылым таппай мақтанбада» да оқудың адам өміріндегі маңызы туралы баяндалады. Өлеңде «Сізге ғылым кім берер, Жанбай жатып сөнсеңіз?» -деген жолдары маған үлкен ой салды. Шыныменде, оқу инемен құдық қазғандай демекші, белгілі бір салаға бет бұрғанда, алдыңа келген қиыншылықтарға қарап бірден сағың сынады. Дегенменде, осы қанатты сөздерден тағылым алып, бәрі өткінші екендігін түсінесің.

 

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Абай өз өлеңдерінде ғалым болу мен адам болуды бір – бірімен ұштастырып тұрады. Осы арқылы ғылыммен адамгершілік секілді ұғымдардың мәнін терең ашқан. Сондықтан менің ойымша соны оқып, түсіне білген адамның жаман болмасы айдан анық.
Ұлы Абайы қазақтың!
Қазағымның ұлы дана ақыны,
Жеке дара, өлең сөзге жақыны,
Ұлы тұлға ұстаз болған Абайдан
Кім бар екен ұлы сөзге хақылы.
Күллі әлем бас иіп мойындаған,

Шындықты бетке айтудан мойымаған.
Қара сөз, қара өлеңмен таңғалдырған,
Ұлы Абайдай ұлың бар қазақ мақтан.
Келер ұрпақ сабақ алған әр сөзінен,
Ғылымменен ілімге көңіл бөлген,
«Жүрегімнің түбіне терең бойла»,
Деп, атамыз жалықпай жырлап өткен.
Өлмейтін артына сөз қалдырған,
Өшпестей есімі ел жадынан,
Үлгі алып, әрбір жан мойындаған
Әр сөзге лайықты ел мақтаған.
Құлаш сермеп, ғылымменен ілімге,
Жырлап өткен жалпақ жұрттың тілінде,
Ата сенің мұхиттайын мұраңды,
Мен қалықтап ішіп келем бүгінде.

Марал Алмасқызы АСҚАРОВА,
Талдықорған қаласындағы Назарбаев
Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий