Ақмола облысы: Озат оқушылардың жетістігі

Шашубай кентінің 10 “В” сынып оқушысы Чуприна Анастасия IQanat High School of Burabai білім беру мекемесінде білім алудың грантына ие болды! Елімізде алғаш рет “IQanat” олимпиадасы былтырғы қараша айында бастау алған болатын. Шашубайлық оқушылармен қатар Қошқар және Тораңғылық ауылдарының 9-сыныпта оқитын жиырма бір оқушысы аталмыш жарысқа қатысқан еді, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Олимпиада қорытындысы бойынша Аекина Сания мен Ерланова Ақжүніс облыстық турдың жеңімпаздары ретінде IQanat-пен астанамыз Нұр Сұлтан қаласына бес күндік сапармен марапатталды. Осы сапардан алынған керемет әсерлер балалардың жүрегінде қайталанбас естелік болып қана қалмай, оларды әрі қарай жетістіктерге ұмтылуға, жақсы оқуға уәждей түсті. Себебі IQanat екеуіне 11-сыныптың соңына дейін білім алуда және дайындалуда көмек көрсетіп сүйемелдейді. Биылғы олимпиада республикалық деңгейде жеңімпаз атанған 100 оқушысының қатарынан орын алған оқушымыз Анастасия Чуприна үшін жетістіктің жаңа бір белесі болды. Білім бәсекесіне барлығы 162 ауыл мектебінен отыз бес мың оқушы қатысып, ақтық республикалық кезеңде 7000 оқушы білім сынады, жеңімпаздар саны – 100!

Алдағы уақытта Анастасия оқуын ақысыз түрде жалғастырады. Бұл ауыл оқушыларына арналған айрықша білім беру жобасын ауылдық білім беруді дамытуға шынайы демеу көрсетіп жүрген қазақстандық бизнесмендер мен меценаттар қаржыландыруда. IQanat ауыл мектептерінің барлық талап білдірген 9-сынып оқушыларына арналған бірнеше кезеңдерден тұратын кешенді жүйе: білім беру бағыттары (іріктеу турларының саны) физика (2), математика (1), ағылшын тілі (3), оқу сауаттылығы (1); олимпиаданың аймақтық, облыстық және республикалық кезеңдеріне қатысу; жеңімпаздарды еліміздің және шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге дайындау бойынша сүйемелдеу; білімі үздік оқушыларға еліміздің және шетелдік ЖОО оқуына грант беру.

Анастасия 10-11 сыныбын Ақмола облысының табиғаты ерекше көркем Бурабай жерінде орналасқан “IQanat Kazakh English High School” мекемесінде жалғастырады. Білім беру үдерісі ҚР БҒМ мемлекеттік стандартына сәйкес және шетелдік инновациялық әдістемелер бойынша жүргізіледі. Білім беру бағдарламасы Қазақстан тарихымен, мәдениетімен және шынайылығымен айқындалған қазақстандық патриотизм негізіндегі финдік білім беру моделінде, жапондық тәрбие беру жүйесінде құрылған. Мектеп екі жылдың көлемінде оқушыларға ағылшын тілді академиялық атмосфераға толықтай енуге мүмкіндік бере отырып, әлемнің алдыңғы қатарлы ЖОО-на грантпен түсуге жол ашады. Бұл ауыл оқушыларының жарқын болашығының әлеуметтік баспалдағы, нақты трамплин деуге болады. Бұл – бизнестің қоғам мен мемлекет алдындағы әлеуметтік жауапкершілігінің нақты көрінісі.

BI Group басшысы Айдың Рахимбаевтың, қор меценаттар Бауыржан Исабаев пен Рүстем Итемировтің азаматтық ұстанымдары ауыл оқушыларының балалық шағына бағытталып, жүзеге асырылуда!!! Олардың мақсаты дөп басты! Өйткені ең мықты инвестиция балалардың біліміне жасалған инвестиция! Балалар – еліміздің болашағы, Отанымыздың патриоттары. Анастасияның қуанышында шек жоқ, ол өзінің жетістіқ баспалдағымен әрі қарай алға жылжуды армандауда. Мен мектеп директорының орынбасары, Ұлы Отан соғысы ардагерінің қызы, ауыл педагогтерінің қызы Шәмшібану Қабылқайырқызы Нығметуллинаға дарынды балалармен атқарған жұмысы үшін алғысымды білдіргім келеді.

Алғысымды 10″В” сыныбының жетекшісі, ағылшын тілінің мұғалімі, “Шетел филологиясы” гуманитарлық ғылымдап магистрі Нуржанова Елена Сергеевнаға білдіремін. Қашанда “Мектеп пен отбасының” диалогтік алаңынан табылатын Анастасияның анасы Груздь Наталья Владимировнаға алғысы мол. Мен әр баланың жүрегіне армандар орындалады, тек ұмтыла біл деген сенім ұялатқан Ақтоғай ауданының Шашубай кенті мектебінің барлық педагогтеріне рахметімді айтатын.  Білім – ұшы-қиыры жоқ мұхит іспеттес, қанша талпынсаң, сонша білім меңгересің, жаңалық ашып, жаңғырасың. Өмірде өзіңе, өз біліміңе, өз еңбегіңе сен деп ұлы Абай айтқандай, күш білімде екенін ұмытпайық. Тек алға дамуға ұмтылайық!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий