БҒМ: Үш миллионнан астам оқушының 2 млн 600 қашықтан білім алса, 800 мың бала дәстүрлі форматта
Елімізде 3,3 миллионнан астам оқушы бар. Оның 2,6 млн қашықтан оқып жатыр, шамамен 800 мың бала дәстүрлі форматта, яғни мектептерде білім алып жатыр, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Бастауыш сынып оқушылары ата-аналарының өтініштері негізінде кезекші сыныптарда оқи алады. Қазір кезекші сыныптарда 547 мың бала оқып жатыр. Бұл жалпы бастауыш сынып оқушыларының шамамен елу пайызы. Дегенмен, бұл көрсеткіш күнен күнге өзгеріп отыруы да мүмкін (ата-аналардың қалауы бойынша). Шағын жинақты мектептердегі 250 мың бала (1-11 сынып оқушылары) дәстүрлі форматта оқып жатыр. Бұл негізінен шалғай аймақтардағы мектеп оқушылары.
Загрузка...