Абайдың қара сөздері бейнеленді

Екібастұз қаласындағы балалардың көркемсурет мектебінің оқушылар Женисова Нурай, Казкенова Ясмин және Горбунова Алинаның суреттерімен Абайдың “Қара сөздері” кітабының мерейтойлық басылымдарының беттері суреттелген, – деп хабарлайды Павлодар облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ақын және философ Абай Құнанбаевтың әйгілі астарлы әңгімелерінің түрлі-түсті жинағы оның туғанына 175 жыл толуына орай жарық көрген еді. Бірегей жобаға жас қылқалам шеберлерінің қатысу мүмкіндігін “Samruk-Kazyna Trust” әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесіп “Балалар әлемді бейнелейді” қоры ұйымдастырған республикалық балалар сурет байқауы ұсынды. Бұл бәйгеге еліміздің әр аймағынан үш жүзден астам өтінім келіп түсіпті.

Данышпан ақыл ой иесінің қара сөздерінің мәні мен мағынасын жете түсіну және көркем бейнеге көшіру – жеңімпаздарды таңдаудың басты өлшемі болды. Нәтижесінде сарапшылардың қазылар алқасы 45 “қара сөздер” астарлы әңгімеленген қырық бес жұмысты таңдап алады. Байқауда жеңіске жеткен павлодарлық дарындар арнайы дипломдармен және суреттері енгізілген кітаптармен марапатталды. Балалар көркемсурет мектебіндегі талантты шәкірттердің қоржынында түрлі деңгейдегі сайыстардың көптеген олжасы бары белгілі болды.

Жас өрендер қол жеткізген биік белестердің артында Азамат Рахметов, Елена Збанацкая және Айнагүл Рахметова есімді ұлағатты ұстаздарының қажырлы еңбегі тұр. Ясмин, Нурай және Алина үшеуі ерте жастан сурет салуды ұнататынын және олар бұл білім ордасында жеті жастарынан білім ала бастағанын айтқан ата-аналары перзенттерінің болашақ мамандықты таңдауы шығармашылықпен байланысты боларына сенімді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий