4,1 миллиард теңгеге 26 мың 509 компьютер

Мектеп жасындағы 22 476 баланың үйінде компьютерлік техника тапшы. Қашықтан оқуға кіріскен 16 904 оқушы мектеп компьютерлерімен қамтамасыз етілді. Қалған 5 712 бала штаттық режимде білім алуда. Бұл туралы өңірдің орталығында ұйымдастырылған тікелей эфир барысында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы САЙРАНГҮЛ ЖҰМАДІЛОВА мәлімдеді, – деп хабарлайды осы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Аймақтың бас ұстазы аудандық және қалалық білім бөлімдерін жергілікті қазына қорынан қаржыландыру арқылы 2 572 бірлік компьютерлік техника сатып алынғанын атап айтты. Сондай-ақ, республикалық бюджеттен бөлінген 4,1 миллиард теңгені құрайтын қомақты қаражатқа 26 509 компьютер жеткізілгені белгілі болды.

– Мемлекеттік сатып алуды әділ ұйымдастыру және компьютерлік техникаларды бөлу мақсатында «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесі төрағасының жетекшілігімен, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, облыстық маслихаттың хатшысы, қоғам өкілдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларының, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі жергілікті қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ қамқоршылық кеңесінің, ата-аналар қоғамдастығының, жастар ұйымдарының жетекшілерінен жұмыс тобы құрылып, жеткізуші анықталды. Қазіргі таңда компьютерлік техникаларды жеткізу жұмыстары басталып кетті. Бұл бағыттағы жұмыстар қыркүйек айының 15-іне дейін толық аяқталатын болады, – деді Сайрангүл Ахметкәрімқызы.

Сонымен қатар, жұмыс тобы компьютерлік техниканы бөлу мониторингін жүзеге асырады. Бірінші кезекте халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын: аз қамтылған, көп балалы, ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға қоса оқу озаттарын қамтамасыз ету туралы шешім қабылданған.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий