Оңтүстік Қазақстан университетіне АҚШ-тың Аризона мемлекеттік университетінен арнайы өкілдер келді

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі АҚШ-тың Аризона мемлекеттік университетінен арнайы өкілдер келді, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі. Тараптар қос дипломмен білім алу бағдарламасы, академиялық мобильділік, профессор оқытушылар құрамының аталған университетте іс-тәжірибеден өтуі сынды бірнеше ортақ жобаны талқыға салды.

Алдағы уақытта Шымкентте университеттің өкілдігін ашу ойымызда бар дейді Аризона мемлекеттік университетінің кеңесшісі Нью Ли Холман. Меймандарға жоғары оқу орнының оқу базасы таныстырылды. Университет ішіндегі «Мұхтартану» орталығы мен тарихтан сыр шертетін мұражайға бас сұққан қонақтар ондағы жәдігерлерге таңданысын жасырмады.

– Қазіргі таңда университет өзіміздің міндет-мақсаттарымызды жалпы кәсіпкерлік университетке баулу дағдысына көшіп отырмыз. Осыған байланысты біз университетте магистрант, доктаранттарды таза тілге оқытуға және кәсіпкерлікке баулу үшін ұзақ уақыттан бері осы Аризон университетімен екі жақты байланыста болғанбыз. Біз бүгін соның нәтижесін көріп отырмыз. Бұл университет бізге қос дипломды, бағдарлама бойынша кәсіпкерлікті шынайы дамыту мақсатында университетте кампустар жатақхана салу мәселесінде көтеріп отыр, – деді М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Дария Қожамжарова.

– Біз серіктес болғалы отырған университетке әуелі қос дипломды беру жобасын ұсынып отырмыз. Ғылымды бірлесіп дамыту бойынша да бағдарламамыз бар. Ортақ келісімге келсек, кампус, жатақхана саламыз деген жоспарымызды да айттық, – Аризона мемлекеттік университетінің кеңесшісі Нью Ли Холмон. Делегация құрамында келген Шығыс Европадағы және Орта Азиядағы Cintana Education білім беру орталығының жетекшісі Кагри Бахчоглу, Аризона мемлекеттік университетінің кеңесшісі Нью Ли Холман және Маркетинг және серіктестік бойынша аналитик Евгения Орлова университет ұжымымен бірқатар жоспарлар нақтылады.

Атап айтсақ, Аризона университетімен қос дипломды білім алу бағдарламасы, академиялық мобильділік,  профессор оқытушылар құрамының аталған университетте іс – тәжірибеден өтуі, сондай-ақ елімізде шет ел университеттерінің өкілдіктерін ашу жөнінде де жан- жақты талқылау жүргізілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий