Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы сайланды

Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының кезектен тыс ұйымдастырылған XVIII конференциясының күн тәртібінде «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасын сайлау туралы» мәселе қаралды, – деп хабарлайды осы жетісулық жергілікті ұйымның баспасөз қызметі.

Конференция жұмысына қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева және салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Райхан Қыдырбаева, Алматы облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Әсет Қыдырманов, Алматы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова және аудандық, қалалық филиалдардан, бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан сайланған 45 делегат қатысты.

Жиынды облыстық кәсіподақ ұйымы төрағасының міндетін атқарушы Самал Бакирова жүргізіп, жұмысшы органдардың құрамын бекітті. Салалық кәсіподақ төрайымы Айгүл Мақсатқызы облыстық кәсіподақ ұйымының жұмысын жоғары бағалап, жаңадан төраға сайлау қажет екенін жеткізіп, кандидаттардың тізімін нақтылады. Үш кандидат сайлауалды бағдарламасын көпшілікке таныстырып, болашақта атқаратын жұмыстардың мақсаты мен міндетін айқындады. 

Конференцияда Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы төрағасы лауазымына Мэлс Төлепбергенов, төраға орынбасары болып Самал Бакирова сайланды. Алқалы жиында сайланған жаңа төраға М.Құлмұханұлы өзін қолдаған конференция делегаттарына алғысын айтып, сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттарға назар аударып, кәсіподақ мүшелерімен бірге жұмыс істейтіндігін жеткізді. Шара барысында Айгүл Мақсатқызы ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, кәсіподақ мүшелеріне ноутбуктар мен смартфондарды табыс етті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий