Патент алған пайдалы модель

Тұзды суда жұмыс жасайтын қайық ойлап тапқан Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Әзімжан Рамазан өз идеясына патент алды. Пайдалы модель ретінде танылған өнертабыс— бұл тұзды су негізінде жұмыс істейтін қайыққа қатысты үздік техникалық шешім болып табылады. Жас зерттеуші қайықты жүргізуге қарапайым «тұзды қозғалтқыштарды» пайдалану арқылы күрделі экологиялық мәселерге басты назар аударады, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Жұмыс істейтін модель жасамас бұрын Әзімжан көп ізденді. Өзге өнертапқыштардың еңбегін жан жақты зерттеген ол жапон ғалымдарының осы саладағы озық ой, қол жеткізген жетістіктеріне зер салды. Әзімжанның «Тұзды суда жұмыс жасайтын қайық» атты ғылыми жобасында эксперименталдық бөлім тыңғылықты түсіндіріліп, «тұзды ерітінді» концентрациясы мен қажет сұйықтық мөлшері дәл көрсетіледі. Енді Зияткерлік мектеп оқушысы ойлап тапқан пайдалы модель құқы Қазақстан Республикасы Патент заңына сәйкес жүргізілген экспертиза нәтижесінде берілген патент арқылы қорғалатын болады.

2019 жылдың ақпан айында Әзімжан осы еңбегімен В.Вернадский атындағы жасөспірімдердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Бүкілресейлік ашық конкурсына шақыру алып, құрмет грамотамен марапатталған болатын. Рамазан Әзімжанның ғылыми жобасы “NIS -2019” жобалар жинағына да енген. Жас зияткер ізденістерін келешекте де жалғастырып, қоршаған ортаны жақсарту үшін өз жобасын жетілдіре бермекші.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий