Асхат Аймағамбетов Бурабайда салынған ауыл балаларына арналған арнайы мектептің ашылу рәсіміне қатысты

Отто Фон Бимарктың: «Тот, кто экономит на школах, будет строить тюрьмы» – деген қанатты сөзі бар. Шүкір, елімізде жыл сайын кәсіпкерлер қол ұшын беріп, бірінен соң бірі жекеменшік мектептер ашылып жатыр, – деп жазады Maksutbek Aitmaganbet фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Былтыр ғана қадасы қағылып, ауыл балаларына арналған мектеп бүгін Бурабайда салтанатты түрде ашылды. Бұл мектепте оқитын балалардың да, ата-аналарының да арманы жоқ шығар! Мектептің жабдықталуы тамаша, мұғалімдері мықты, таудың баурайы, көлдің жағасы, ауасы қандай! Мектеп емес, курорт! Оқу үшін барлық мүмкіндіктер жасалған. Бұл жобаны іске асырған IQanat білім фондының ұжымына, фондтың қамқоршы кеңесіне, жобаның басы-қасында жүрген Айдын Рахымбаевқа мың да бір рахмет!
 
Мектептің ашылуына арнайы келіп, мұғалімдерді де, меценаттарды да, оқушылар мен ата-аналарды да қуантып, жігерлендірген Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке де рахмет! Ауылды жердің тұрғыны болсаңыз, IQanat олимпиадасына балаларыңызды қатыстыруға болады. Жақында бірінші туры болғалы жатыр. Мағлұматты мына сайттан ала аласыз https://iqanat.kz/kz. Талаптыға нұр жауар! Баршаңызға жаңа мектеп құтты болсын! IQanat High School of Burabay
 
 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий