Білікті дәрігерді мектептен бастап тәрбиелеу керек

Байқасам осы жылғы Қазақстан халықына арнаған Жолдауы өзгеше. Барша қазақстандықтардың тұрмыс-тіршілігін жақсартып, абыройын көтеріп, әлеуетін арттыруға, саулығын жақсартуға бағытталған көптеген шаралар қолға алынғалы отыр. Осы орайда, Президенттің өз жолдауында айтқан қолжетімді сапалы білімді қалыптастыру мен денсаулық сақтау саласының даму қарқынын жеделдету басты назарда болуы маңызды деген ойына толықтай қосыламын, – деп жазады мұғалім Айғаным ЕРБОЛОВА Атырау облыстық “КЕҢ ЖЫЛОЙ” аудандық газетіндегі мақаласында. 

Кешегі пандемия кезінде адамзатқа ең әуелі мықты иммунитет, сау ағза керек екенін білдік. Індет барша қазақтың көзін ашты, көңілін мүлде басқа арнаға бұрды. Күнделікті той-томалақ, көңіл-көтеруді шектеп, шамадан тыс даңғазалық пен қоғам арасында орын алып жатқан ессіз әрекеттерді тұсаулау қажет екенін ескертті. Медицина саласы мамандарының адам өмірі мен денсаулығын сақтау үшін ауадай қажеттігін ел болып жете ұғындық. Жоғарғы санатты кадрлар жетіспеді. Мықты дәрігер мамандарға зәру болып қалдық. Айналып келгенде мұның барлығы сапалы білім беруге келіп тіреледі. Осы сәтте, салмақты күш бізге, яғни, мұғалімдерге түседі. Көптеген ата-аналар балаларының банк қызметкері, адвокат немесе мұнайшы әйтеуір ақшасы көп жерде еңбек етіп, қалтасы қалың болғанын қалайды.

Ал басымызға қара бұлт үйірілген өтпелі кезеңде аталған мамандықтардың аса қажеттілігі болмай қалды. Күніміз ақ халатты абзал жандарға түсті. Мықты дәрігер маман мектеп табалдырығынан қалыптасады. Мұғалім алдына келген оқушыға жоғары деңгейдегі білімді тарту етуімен қатар, оның руханы ой-тазалығының да дұрыстығына көп көңіл бөлуі керек. Ержеткенде қай жерде білім алып, қандай ортада жүрсе де ең бірінші жалғыз қазақ елінің, халқының мүддесі үшін қызмет атқаратынын құлағына құйып отыруы аса маңызды. Осыдан келіп елін-жерін сүйетін, антына адал, сертіне берік азаматтар қалыптасады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий