Жолдауды қолдау: Толыққанды білім берудегі онлайн – платформа
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын пандемия жағдайындағы еліміздегі хал-ахуал жайынан бастады. Карантин уақытында елге көрсетілген көмектерді тілге тиек ете отырып, ДДСҰ-ның болжамында індеттің алдағы екі жылға созылатынын ескертіп, ел болып біріге күш салып, індетті жеңу керектігіне баса назар салды.
Мемлекет басшысы пандемия кезеңі әсерінен әлемдегі нарықтық экономиканың әлсіреуі елдегі жағдайды төмендеткені жайлы айта келе, кәсіби мамандардың тапшылығынан еліміздегі проблемалары қордаланып қалған агроөнеркәсіпті дамытуға инвестиция тарту керектігін, тағы да басқа ел әл-ауқатын көтеруге жұмылдырылатын өнеркәсіптерді дамытудың жолдарын атап көрсете отырып, ол үшін нақты ұсыныстар әзірленетінін айтты. Президентіміз барлық саланың жетістігі мен тұралаған тұстарын, қажет-тілік туындап тұрған мәселелерін атап көрсете отырып, Жолдаудың бесінші бөлімінде «Қолжетімді әрі сапалы білім» білім беру саласына да тоқталды.
Қашықтан оқыту білім беру ұйымдары тәжірибесінде бұрын-соңды болмаған-дықтан, індет карантині кезінде көптеген мәселелердің орын алғаны белгілі. Кеңінен етек алған бұл пандемия бүкіл әлемнің білім жүйесі үшін де ауыр сынаққа айналды. Елдегі білім саласындағы дағдарыстың алдын алу мақса-тында Білім және ғылым министрлігі Қазақстандағы білім беру ұйымдарында қашықтан оқытуды ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарының тетіктері мен нормативтік құжаттар пакетін әзірлеген болатын. Мемлекет басшысы, білім саласындағы қашықтан білім беру үшін әлі де нақты онлайн-платформа жасалмағанын сынға ала отырып, «Толыққанды білім үдерісі үшін қажетті барлық функциясы бар бір онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет» екендігін айтты.
«Білім саласындағы басты мәселелердің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. 2021 жылдың қаңтарынан мұғалімдер еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді», – деді Президент. Мектепке дейінгі білім беру мәселесіне де басты назар аударып, ваучерлік тәсілдің енгізілетінін және «Біз балалардың мектепке дейінгі жан-жақты даму мәселесін шешуіміз керек. 2025 жылға қарай алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен жүз пайыз қамтамасыз етуді міндеттеймін. Бұл түйткіл мемлекеттік балабақша салумен ғана шешіл-мейді.
Осы іске жеке бизнесті тартып, қолдаудың жаңа түрлерін, соның ішінде қаржыландырудың ваучерлік тәсілін ойластыру қажет. Ата-аналар кез-келген балабақшаны немесе мектепті таңдап, мемлекет берген ваучермен төлем жасай алады», – деді. Білім саласындағы цифрлық біліктілікке қатысты Үкіметке «Үздіксіз білім беру» тұжырымдамасын әзірлеуді тапсыратынын атап өтті. Президент Жолдауда атап көрсеткен барлық салаларға, қоғамның дағдарыс жағдайында атқарылатын іс-шаралардың жоспарын жүзеге асырылуын тапсырды. Соңында бірлік, ынтымақ, сенімділік салтанат құрған елде ғана жарқын болашақтың болатынына сенім артты.
Гүлшат ТУТКИШЕВА,
№28 “Жұлдыз” балабақшасының қазақ
тілі мұғалімі, Нұр-Сұлтан қаласы