Павлодарда “Еrtis” колледжі базасында аграрлық құзыреттілікті дамыту орталығын құру жоспарлануда

Қыркүйек айының 11+і күні аймақтық “Еrtis” жоғары инновациялық аграрлық колледжінің базасында ЕrtisАgro құзыреттілік орталығын құру мәселесі бойынша мүдделі тараптардың кездесуі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Павлодар облысы білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Орталық базасында халықаралық, республикалық және өңіраралық деңгейдегі кәсіби шеберлік конкурстарын өткізу жоспарлануда. Жоғарыда аталған орталық бірегей және республика бойынша бірінші болып қызмет етеді. Оның қызметі аграрлық мамандықтардың беделін дамытуға және арттыруға бағытталған. Пікірталас алаңының жұмысына «Талап» КЕАҚ WorldSkillsKazakhstan қозғалысын дамыту департаментінің директоры Санжар Мейірханұлы Тәтібеков, «ҚР колледждер қауымдастығы» ЗТБ президенті Манен Ембергенұлы Омаров.

АгроСкиллс бағыты бойынша WorldSkills академиясының ректоры; Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы, Кеменгер ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының директоры Байжан Нұрбайұлы Уалханов және «Атамекен» ӨКП адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Ажар Арыстановна Абылгазина. Пікірталас алаңының жұмысы аясында құзыреттілік орталығының миссиясы мен бағыттары анықталды.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий