Қосымша білім беру: Әр оқушының өмірінде болуы керек

Қазіргі заманғы қосымша білім беру қазақстандық білімге «сапаға салмақ» беріп қана қоймай, сонымен қоса ол бейресми білім беру тұжырымдамасын – қазіргі жас адамның өмірінде оқытудың жетпіс пайызын құрайтын әлемдік практиканың трендін іске асырады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында үздіксіз білім беру тұжырымдамасының тетіктері – бейресми білім берудің балама нұсқаларын белсенді енгізу, дербес оқыту нәтижелерін тану, кәсіби дағдыларды сертификаттау деп аталғаны кездейсоқ емес.

Қасым-Жомарт Кемелұлы үздіксіз білім беру аясында айтқан: «Жас ұрпақ өкілдері шығармашылық және қолөнер негіздерін түсіне алатын «Балалар үйірмелерінің» қызметін қайта бастау қажет. Қазіргі уақыт балалар үшін соншалықты қауіпті, сондықтан олардың энергиясы мен қызығушылығы дұрыс бағытқа бағытталуы керек». Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру саясаты тұрғысынан қосымша білім беру ауыл мектептерінің оқушылары мен ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға білім алуы мен әлеуметтік жетістіктері үшін балама мүмкіндіктер ұсына отырып, білім беру теңсіздігін азайтудың пәрменді құралы болуға тиіс. Қосымша білім берудің мұндай бағыты ауылдық жерлерден (35,5 %), аз қамтылған отбасылардан (68%) шыққан балаларды, сондай-ақ ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды (54,7%) төмен қамту жағдайынына байланысты өзекті болып табылады.

Ол үшін қосымша білім беру ашық және ресурстардың кең арсеналы болуы тиіс (ақпараттық, консультациялық, тьюторлық сүйемелдеу, ақпараттық навигаторларды құру, интернет-жобалар мен интернет-Олимпиадалар, ата-аналарға арналған консультациялық қызметтер және тағы да басқалар). Осыған байланысты біздің Оқушылар сарайы ғылыми-жобалау және ғылыми-зерттеу қызметін, STEM-білім беруді, бизнес-білім беруді ұйымдастыру үшін қызметтердің кең спектрін ұсынады. Балалар үшін осы бағыттардың барлығының тығыз ынтымақтастығы прогрессивті даму, кәсіби өзін-өзі анықтау, сауатты бизнес-идеялар, ғылым әлемінде жаңа нәрсе ашуға деген ұмтылыс атмосферасын жасайды. 2020 жылғы 11 қыркүйекте «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру иститутымен Петропавл қаласындағы оқушылар сарайымен бірлесіп «Қосымша білім беру навигаторы: қосыл, оқы, дамы…» Live On Stage өткізді.

 

Жетекші идеясы – қосымша білім беру мобильді навигаторы құрылымынында Оқушылар сарайының ресурстарымен таныстыру және оның ауыл мектептері мен ерекше ЕББҚ бар балалар үшін практикалық маңыздылығын ғылыми әдістемелік негіздеу. Әлеуметтік-педагогикалық тиімділік: Оқушылар сарайы қызметінің ресурстары мен бағыттарын таныстыру негізінде ауыл мектептерінің оқушылары мен ЕББҚ бар балаларды күндізгі-қашықтықтан қосымша білім беру жүйесіне тарту. Іс-шараға ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Петровна Шер, ҚР Оқушылар сарайының директорлары, ауыл мектептерінің оқушылары, ЕББҚ бар балалар, ауыл мектептерінің Қамқоршылық кеңесінің мүшелері мен  ата-аналар комитетінің өкілдері, қосымша білім беруге жетекшілік ететін аудандық ББ мамандары, пән мұғалімдері қатысты (98 адам).

Бірінші құрастырушылық-танушылық бөлімінде СҚО бойынша «Өрлеу» филиалының директоры А.Мырзалинова мен Оқушылар сарайының директоры А. Әбілмажинова «Қосымша білім беру әр Қазақстан оқушысының өмірінде болуы керек»  тақырыбында конструктивті диалог өткізді. Екінші «ҚББ контенті» бөлімінде Оқушылар сарайының әр түрлі бағыттағы Work Shop пен электронды сауалнама көрсетілді. Петропавл қаласы (Қазақстан Республикасы) Оқушылар сарайының күнделікті тәжірибесінде IT саласындағы өзекті әдістемелік және бағдарламалық-аппараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылыми-биологиялық және көркемдік бағыттар пайдаланылады.

SDR-радио, дрондарды құрастыру роботтарды бағдарламалайтын техника, электроника және электротехника, физика, химия және биология зертханалары мен кабинеттері қызықты жобаларды жасау үшін республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадаларда бәсекелесе алатын сапалы контентке және зерттеу жабдығына ие. «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы мен «Аstana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркі бағдарламалары шеңберінде оң сараптамалық баға алды. Осы қосымша білім беру ресурстарының арқасында біздің оқушылар мектепте алған білімдерін оның қабырғасынан тыс қалай қолдану керектігін, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін қалай дамыту керектігін түсінеді. Нәтижелі-рефлексивті бөлімде қатысушылар кері байланыс микрофонын пайдаланып, сұрақтарына толық жауап алғаны үшін алғыстарын білдірді.

Іс-шара әсерлі «Қосыл, оқы, дамы» атты жалпы онлайн флешмобпен аяқталды. Оқушылар сарайының педагогтерін STEM-білім беру форматында ғылыми-зерттеу шығармашылығы мен бизнес-оқыту жүйесінде үйірмелердің интеграторлары рөлін орындауға қабілетті сауатты және жауапты мамандар ретінде сипаттауға болады. Әрбір оқушыға тұлғалық-бағдарлы көзқарас арқасында,  оларлар шығармашылық даму, интеллектуалдық шабыт бере білетін, жаңа идеяларға стимул сыйлай алатын қабілетті бар кеңесшісі, дос ретінде рөл атқарады. Болашақта өзінің сүйікті ісіңмен айналысу және сонымен бірге өз табысыңды қамтамасыз ету – бұл әркімнің арманы. Қазақстанның көптеген қалаларындағыдай Петропавл қаласында да армандар орындалатын Оқушылар сарайы бар екені қуантарлық жағдай.

Амина ТАЙЛАНОВА,
инновациялық білім беру және ақпараттық
технологиялар кафедрасының курстан кейінгі
қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі,

Айман КЕНБЕИЛОВА,
білім беру процесін психологиялық
педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының
курстан кейінгі қолдау және инновацияларды
енгізу зертханасының меңгерушісі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий