“Қашықтықтан білім беру: жаһандық ауқымдағы жаңа сын-қатерлер” тақырыбындағы халықаралық конференция

Бүгін, яғни қыркүйек айының 16-ы күні түскі сағат 14.00-де Еуразия ұлттық университетінде басталатын “Қашықтықтан білім беру: жаһандық ауқымдағы жаңа сын-қатерлер» тақырыбындағы халықаралық конференция ертең де жалғасын табатын болады, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі. 

Қосылу платформасы: MICROSOFT TEAMS Байланыс сілтемесі: https://clck.ru/QjixE. Конференцияның басты мақсаты – озық идеяларды, дистанциялық технологиялар саласындағы өзекті міндеттерді іздеу және талқылау үшін диалогтық алаң құру, тиімді инновациялық тәжірибені халықаралық деңгейде тарату. Бағдарламада: воркшоптар; қашықтықтан оқыту /сандық/ қауымдастығындағы ең жақсы тәжірибелерді көрсететін виртуалды сессиялар.

Спикерлер: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов; ҚР Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Рүстем Биғари; ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің вице-министрі Дарын Тұяқов; Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов; Томск мемлекеттік университетінің ректоры Эдуард Галажинский; CISCO Systems оқыту және инженерия стратегиясының директоры Фаршид Тари; UNINETTUNO халықаралық телематикалық университетінің зерттеулер және инновациялар бөлімінің басшысы Кафорио Алесандро; Modern Education & Research Institute директоры Екатерина Царанок; «МИСиС» ғылыми-зерттеу техникалық университетінің онлайн оқыту орталығының директоры Нұрлан Қиясов; ТМД бойынша білім беру секторымен жұмыс жөніндегі басшы Нұрлан Жаныбек.

Тақырыптар: Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту кезіндегі қашықтықтан өзара іс-қимыл технологиялары; Электрондық оқыту, ашық білім беру ресурстары, онлайн-сервистер университетті дамыту құралы ретінде; Виртуалды, кеңейтілген және аралас нәтижелер, жаңа идеялар мен тәжірибелердің еLearning-тегі геймификациясы: Жоғары білім берудегі жасанды интеллект: Білім берудегі үлкен деректер және оқулық сараптамасы; Сандық дағдылар және медиа-ақпараттық сауаттылық. Байланыс және аккредиттеу үшін: 8 702 36 36 005 Ләйлә (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ баспасөз хатшысы)

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий