Абай атындағы ҚазҰПУ-да студенттер көптеген мәселелерді өздері шешеді

Осыдан екі жыл бұрын ҚазҰПУ-да Студенттік ректорат ашылған болатын. Оның құрамын студенттердің өздері жасақтайды. Жалпы жиналыстар жылына 3-4 рет өткізіліп, онда студенттерді толғандыратын мәселелер талқыланып, шешілу жолдары қарастырылады, – деп жазады осы жоғары оқу орнының ректоры Такир БАЛЫҚБАЕВ фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.


Жастардың көзқарасы тың, ойлары ашық, кез келген проблемаға креативті шешім ойлап табады. Ең басытысы өздерінің мүдделеріне сәйкес келетін, оқу орнының беделін арттыратын оңтайлы ойлар ортаға салынады. Міне, осындай кездесулердің арқасында біз «Smart Student» деп аталатын коворкинг-орталығын аштық, Студенттерге қызмет көрсету орталығын іске қостық, яғни оқу орнының студенттері осында келіп өздеріне қажетті құжаттарын алатын болды.

Осылайша, біз студенттерді белсенді азаматтық ұстанымда тәрбиелейміз, сонда университеттегі әрбір адам өзінің жалпы жағдайға ықпал ете алатынын түсінеді, өз ойын білдіруден және өз идеяларын айтудан қорықпайды. Мұндай іс-шаралар қоғамда болып жатқан жағдайларға бейжай қарамауға, кез келген іске араласып өзінің үлесін қосуға ниетті болуына ықпал етеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий