Жамбылдық жиырма оқушы бірегей мектепте білім алады

Жамбыл облысындағы дарынды жиырма оқушы білімдерін «Бурабай» курорттық аймағында орналасқан «IQanat High School of Burabay»-да жалғастыратын болды, – деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жаңадан ашылған бірегей мектепте IQanat олимпиадасына қатысып, барлық кезеңдерінен және мектептің іріктеу тестінен сүрінбей өткен ауылдың дарынды оқушылары тегін білім алатын болады. «IQanat High School of Burabay»-да оқу ҚР БҒМ мемлекеттік стандарттарына сәйкес үш тілде жыл бойы жүргізіледі. Бұдан бөлек, барлық оқушыларға мәтінді қолмен енгізу функциясы бар Ноутбук-трансформерлер ұсынылады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий