Рухани жаңғыру: “Бояулар құпиясы” облыстық жас суретшілер байқауы мәреге жетті

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының» жалпы ұйымдастыруымен Степногорск қаласы білім бөлімінің жанындағы «Балалар көркем сурет мектебі» жуырда «Бояулар құпиясы» облыстық сырттай жас суретшілер байқауын ұйымдастырды, – деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Басты мақсат оқушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарын ынталандыру үшін жағдай жасауға бағытталған. Бұл сайысқа аймақтағы он бір аудан мен Степногорск, Көкшетау қалаларынан жалпы 32 жас суретші қатысты. Жұмыстар кенепте, қағазда немесе картонда орындалуы мүмкін. Картиналар кез келген техникада (акварель, гуашь, пастель, май, тушь және басқа материалдар) орындалады. Жаңашыл әдістермен жұмыс жасау құпталады.

«Коллаж» номинациясы. Қатысушылар кез келген материалда (картон, қағаз, кенеп) түсі мен фактурасы бойынша ерекшеленетін заттардың, материалдардың қандай да бір негізіне жапсыру арқылы жасалған сурет жасайды. Жасалған жұмысқа атау береді. Жұмыстың ең төменгі мөлшері: 30х40 см, бірақ 55х65 см артық емес. Екінші «Бояулар құпиясы» номинациясы. Бұл номинациядағы жұмыстар кез келген техникада (кескіндеме, акварель, гуашь, аралас техника), кез келген жанрда (натюрморт, портрет, пейзаж) орындалуы мүмкін. Жұмысқа атау береді. Жұмыстың ең төменгі мөлшері: 30х40 см, бірақ 55х65 см артық емес.

«Сүйікті кітаптың иллюстрациясы» номинациясы. Бұл номинациядағы жұмыстар графика техникасында (акварель, пастель, гельді қалам, түрлі-түсті қарындаш, аралас техника) кез келген жанрда (ертегі, баталды, тұрмыстық және тағы да басқалары) орындалуы мүмкін. Жұмыстың ең төменгі мөлшері: 30х40 см, бірақ 55х65 см артық емес. Байқауға қатысушылар http://www.youtube.com каналында орналастырылған бейнематериалға сілтемені konkurs.muz@mail.ru электронды поштасына жібереді, онда қатысушы байқаудың тақырыбына сәйкес ұзақтығы 1,5-3 сағат жұмысты орындайды.

Бейне сапалы жазылуы тиіс, демалу үшін үзіліс бере отырып, жұмысты 2-ге бөлуге рұқсат беріледі. Әр номинацияға қатысу міндетті. Байқауды кәсіби қазылар алқасы он баллдық жүйе бойынша бағалайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді. Бағалау критерийлері: бірегейлігі; тақырып мағынасының тереңдігі мен берілуі; идеяны іске асыруға креативті көзқарас; көркем шеберлік негіздерін меңгеру; күрделілік дәрежесі; ойдың бірегейлігі; көркемді мәнерлілік (композициялық және түсті шешім); сындарлы шешімнің бірегейлігі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий