Саламат Идрисов, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік Университетінің ректоры: Ұлағатты ұстаздарыма алғысым шексіз

1981 жылы бірінші сыныпқа барып, Атырау облысындағы Индер ауданына қарасты Қабижан Абақанұлы атындағы Өрлік орта мектебін 1991 жылы күміс медальмен аяқтадым. Мектептің қоғамдық шараларына белсене араласып, комсомол ұйымының жетекшілігіне сайландым. Бүкілодақтық комсомол жетекшілерінің слетына жолдама алып, Қырымдағы “Орленок” лагерінде демалу бақыты бұйырды. 

Ұстаздарыма бастауышта әріп танытып, есеп шығарудан бастап тәрбиелік тағылым үйреткен қадірменді Раш апай, жоғары сынып жетекшіміз Алия Қабдрашқызы Шахманова, математикадан Жұмазия апай, жоғары сынып математика мұғалімі Ақсұлу Көргенова, директор болған, физика пәні мұғалімі Махамбет Көргенов, қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі, қазір өмірден өтті Алпан Ибрашев ағайымызға жоғары жетістіктерге жеткен көптеген үлкен үміттерін ақтаған зерделі шәкірттерінің бірі ретінде айтар алғысым шексіз.

Және осы мәртебелі мектептегі ұйымшыл ұстаздар ұжымына “Білімді ел – Образованная страна” республикалық білімгерлік, қоғамдық-саяси газетінің қалың оқырмандары тарапынан кеңінен қолдау тапқан “Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен” әлеуметтік жобасының биылғы жаңа кезеңіне қатысу арқылы апталық басылымның алдағы 2021 жылдың он екі айына жазылымды алдағы Ұстаздар күні қарсаңында сыйлық ретінде тарту етемін! Еңбектеріңіз жемісті болсын, отандық білім саласындағы парасатты педагогтер! Мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Саламат Нұрмұханұлы ИДРИСОВ,
Халел Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік Университетінің ректоры

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий