Қыздар университетінде ұлттың қайраткер әйелдері туралы кітап шықты

Алматыда халқымыздың қайраткер әйелдері туралы энциклопедия жарық көрді. «Ұлттың ұлағатты ұясы» атты анықтамалық-танымдық жинақ Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бастамасымен шықты, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Кітапта еліміздегі педагог кадрларын даярлайтын іргелі орталықтың бірі – Қыздар университетінің еліміздің ғылым, білім беру және мәдениет саласында елеулі еңбек етіп жүрген түлектерінің азаматтық келбеті, олардың атқарған қызметтері мен игілікті істері кеңінен баяндалған.

– Жинақта оқу орнында атқарылған ауқымды жұмыстар мен жетістіктер де топтастырылған. Кітап «Тарих. Таным. Таразы», «Парасат мектебі: бүгіні мен болашағы», «Тұлғалар», «Ғалымдар», «Ұстаздар» және «Ақын-жазушылар, мәдениет саласының қызметкерлері» атты бөлімдерден тұрады. Азаматтық келбеттері оқырман назарына ұсынылған түлектердің қатарында Күләш Құнантаева, Шәмша Беркімбаева, Оразкүл Асанғазы, Асылы Осман, Ақұштап Бақтыгереева сынды мемлекет және қоғам қайраткерлері бар, – дейді кітаптың құрастырушысы әрі бас редакторы Жандар Асан.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий