Жолдауды қолдау: Ұғымтал ұрпақ – баянды болашағымыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйек айының 1-і күнгі барша отандастарымызға арнаған биылғы екінші Жолдауында ел Үкіметі мен жергілікті атқарушы биліктің құрылымдарына барлық саладағы қордаланған маңызды мәселелерді жедел шешу үшін нақты тапсырмалар жүктегені бәрімізге белгілі.

Президент елімізде жер-жаhанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес жөнінде толығырақ тоқталып, індеттің алдын-алуға байланысты қолға алынған сақтық шараларын ширата түсу қажеттілігін айрықша атап айтты. Жолдаудың мақсаты мен міндеттерін талқылаған біздің арнаулы кәсіби білім беретін ұстаздар ұжымының мүшелері белгіленген басым бағыттарды қолдайтындықтарын жеткізді. Қарағанды техникалық университеті Инновациялық технологиялар колледжінің оқытушылары әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңіннен нақты нәтижелер күтетіндігіне сенім білдіріп, жауапты жұмыстарды жүйелі жүргізуге азаматтық үлес қосуға уағдаласты.

Тәуелсіз мемлекетімізді жан-жақты сала бойынша ілгері дамытудың негізгі қаржылық бюджеті екі ұлттық ұстанымды құрайды. Яғни еліміздің экономикалық әлеуетін күшейту және әлеуметтік мәселелерді реттеу. Президент осы орайда бөлінетін қаражаттың көлемі жыл сайын арта беретіндігіне тоқталды. Отандық педагогтердің мәртебесін жоғарылату жолында еңбекақы мөлшерін көбейтуді ұсынып, білім беру сапасын жақсарту тұрғысындағы жауапкершіліктің салмағы ауырлайтындығын түсіндірді.

Кәсіптік техникалық білім беру жүйесін жетілдіру ісі қай мемлекеттің болмасын кәсіби маман дайындаудағы берік іргетасы саналады. Бүгінгі заман сұранысына сәйкес, заманауи кадр қалыптастыру – ортақ мәселе. Сондықтан, қай колледж, университет қабырғасында оқып, білім алса да, студент өз елінің еңбек нарығын қамтамасыз ету керек. Бұл ретте Президент Жолдауында атап көрсетілгендей, «Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет» деген сөзге ерекше назар аудартылды.

Білімді ұрпақ – біздің жарқын бола­ша­ғымыз! Ал келелі келешекті тәр­бие­лейтін педагогтар қауымы. Ұлттың қалыптасу көрсеткіші еш­қашан өздігінен жақсармақ емес. Ол үшін жан-жақты бәсекеге қабілетті, саналы, білімді ұрпақты тәрбиелеуде білім саласына мұқият көңіл бөлуіміз қажет. Халыққа нақты бағыт-бағдар көрсетіп, жол сіл­те­генде ғана солай болмақ. Мемлекет басшысының  Жол­дауы­ның мән-мағынасы осында деп біле­міз. Ұлттың сапалы, білімді, білікті, бай болмағы саяси-экономикалық ахуалдан болса керек. Қазақстан да­му­дың жаңа дәуіріне қадам баспақ. Сондықтан ұлттың беріктігі, бекемдігі үшін Жолдауды сараптап қана қоймай, белсене іске кірісуіміз керек. Сонда ғана еліміздің келешегі кемелді болмақ!

Нургуль КОНУРОВА,
ҚарТУ оқытушысы,
Асем ЖҰМАНБАЕВА,
қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Қарағанды қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий