Жаңадан ашылған педагогикалық шеберхана

Біздің білім ордасында педагогтардың кәсіби және шығармашылық дамуын шыңдайтын, замани талаптарға сай жабдықталған педагогикалық шеберлік орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына Алматы қаласы ПШО директоры Асаубаев Берік Құттыбайұлы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының аға тренері, ф.ғ.к., доцент Қоңырова Ақбота Тұрағұлқызы, Алатау ауданы Білім бөлімінің басшысы Ақмұрзаева Қарлығаш Медербекқызы, ауданымыздың бас әдіскері Смагулова Алия Белгібайқызы қатысты.

Орталықтың тұсаукесерін Берік Құттыбайұлы мен Қарлығаш Медербекқызы қиып, ресми орталықтың жұмысын бастады. Мектеп директоры Кержикеева Данагүл Рысбайқызы орталықтың ашылу мақсатын талдап, таныстырылым жасады. Педагогикалық шеберлік орталығының координаторы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, п.ғ.м Ақыл Самарханұлы орталықта атқарылатын жұмыстардың барысымен таныстырды. Мектебіміздің он бес аға көшбасшы, 12 орта көшбасшы тренерлері осы орталықта кәсіби әлеуеттерін шыңдап, қала, қалааралық, республика көлемінде тәжірибе алмасу алаңын жандандырады.

Орталықтың ашылу құрметіне орай келген қонақтар алғашқы өткізілген жұмыстың куәгері атанды. Координатор Ақыл Самарханұлы орталықта Zoom платформасы арқылы ұжыммен алғашқы семинар-тренингін өткізді. “Жаңа формация мұғалімі” – бұл рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып дамыту үшін жауапты”- деп Тұңғыш Президентіміз – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айрықша атап айтқандай мектеп директоры Д.Кержикеева педагогтің кәсіби құзыреттілігі мен білім сапасын көтерудің алғышарты бола алатын орталықтың алдағы атқаратын жауапты жұмыстары жемісті болуы үшін барлық мұғалімдерге сәттілік тіледі.

Г.АУЕЛБЕКОВА, М. КҮЛЖЕКЕЙ.
№185 жалпы білім беретін мектептің

математика пәні мұғалімдері,
Алматы қаласының Алатау ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий