IQUp NISS клубы құрылды

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылардың IQUp NISS клубы құрылды. Аталған жоба алғашында Quizbowl, Brainring, Trivia сынды зияткерлік ойындар түрінде ойластырылған. Алайда клуб мүшелерінің өзара талқылап, кеңесуінің нәтижесінде түрлі бағытта білімді жетілдіруге шешім қабылданды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

– Қазіргі уақытта біз пікір сайысшы жаңа ойыншыларға арналған Карл Поппер форматындағы дебаттарға оқыту мен дебатты өткізу, Instagram парақшамыз арқылы оқушыларға пайдалы ақпараттарға толы мақалалар жазып, вебинарлар өткізуді жоспарлап отырмыз. Дегенмен, зияткерлік ойындар клубтың негізгі ерекшелігі болады. Ол ойындарға қатысу «4К құзыреттілік»: қарым-қатынас, ұжымдық жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау және шығармашылықты дамытуға көмектеседі, – дейді клуб төрайымы 12 «Е» сыныбының оқушысы Эльжана Оралғазиева.

Клуб құрыла сала алғашқы ойында өтті. 10 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған ойынға 4 команда қатысып, жан-жақты білімді екендіктерін көрсетті. Дегенмен жүзден жүйрік болып, 10 «D» сыныбының «Hey Jarvis» командасы танылды. Олар өздерінің ұтқырлығының арқасында көп ұпай жинады. Енді дәл осы ойынды мұғалімдер мен ата-аналарды қатыстыра отырып өткізу жоспарда бар.

Зияткерлік қозғалыс – бұл дағдыларды дамытуға арналған өте керемет мектеп. Ойында қатысушылар қысқа уақыт ішінде өз ойларын еркін жеткізе білу мен сыни сөйлеуді, топта жұмыс істеп, нәтижеге қол жеткізу жолында жауапкершілікті өзіне ала білуді үйренеді. Ал бұлардың барлығы жетістікке жететін адамда болуы керек негізгі қасиеттер.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий