Балалардың белсенді туризмі – басты назарда

“Ақтөбе – Дарын” өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы және қалалық жас туристер стансасы Балалар мен жасөспірімдер туризмінің негізін қалаушы Төкеш Жездібаевтың 85 жылдығына және Халықаралық туризм күніне орай «Менің Отаным – Қазақстан» республикалық туристік – өлкетану экспедициялық жасақтары слетінің облыстық кезеңі ұйымдастырылды.

Слёттің негізгі мақсат – міндеттері: Ақтөбе облысының балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту,   туристік – өлкетану қызметін жүзеге асыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттап, балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасын, кіші Отанын зерттеуге тарту, білім алушылардың іздеу – зерттеу қызметінің дағдыларын жетілдіру, практикалық қызметке қызығушылық танытатын білім алушыларды анықтау және қолдау, ең үздік туристік – өлкетану командаларын  анықтау.

Облыстық слётке Мәртөк, Алға, Қобда Темір аудандары және қаланың №46 ОМ, №65 ЖББОМ, Сымбат жеке мектебінен оқушылар қатысып, адам саны 60-қа жуық болды. Қатысушылар орындалған жұмыстарын ZOOM платформасында, Telegram желісінде, электронды почта арқылы тапсырып орындады. Бірінші кезең «Бард әндері» байқауында әр топтан бір бардтық ән орындалып Telegram желісі арқылы бейне форматта жұмыстары қабылданды. Екінші кезең «Туристік соқпақ» байқауының қатысушылары төрешілер тарапынан ұсынған маршрутты А4 форматтағы жергілікті жердің картасын сызып, туристік топографиялық белгілермен рәсімдеп электронды почта арқылы тапсырды. Үшінші кезең «Экологиялық есеп» байқауында қатысушылар өз өлкесінде өткізілген экологиялық экспедицияның презентациясын ұсынып, тақырыптың өзектілігі мен практикалық үлесін бейнеролик арқылы баяндады.

Туристік саяхатты табысты өткізудің маңызды мәселесі туристердің дұрыс тамақтануы. Осыған орай төрт кезең «Ең үздік туристік ас» байқауы да, слет барысында өткізілді. Жас туристер дала және үй жағдайында туристік асты әзірлеп бейне ролик түрінде  ұсынды. Бесінші кезең «Туристік түйіндер» байқауында қатысушылар «ZOOM» платформасында тікелей эфирде туристік түйіндерді байлап өз шеберліктерін айқын көрсете білді. Алтыншы кезең «Туған өлке соқпақтары» байқауында жас саяхатшылар өз өлкесінде өткізілген экспедицияның маршруттық картасы, өлкетану нысандары, бағыттың ерекшеліктері бойынша презентациясын жасап, демонстрациялап қорғады. Қорғау барысында осы бағыт бойынша, жаңа маршруттар белгілі болып анықталды.

Нәтижесінде топтық есепте бірінші орынды Ақтөбе қаласы Сымбат жеке мектебі «Гео-Сымбат»командасы, екінші орынды Қобда ауданы Жарсай орта мектебі «Атланты» командасы, үшінші орынды Ақтөбе қаласы №46 орта мектебінің командасы иеленді. Слёттің жеңімпаздарын әр номинация бойынша мадақтамалармен және топтық есепте дипломдарымен, кубоктарымен Ақтөбе облыстық білім басқармасы «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының және Қалалық жас туристер стансасының атынан марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты, туристік – өлкетану экспедициялық жасақтары слетінің облыстық кезеңі тұңғыш рет қашықтықтан өткізілді. Слет барысында барлық қатысушылар туризмге деген ынтасы мен белсенділігін көрсетіп, өзара тәжірибе алмасты.

Нұрбек Орынбасарұлы ШУРЕНБАЕВ,
жас туристер стансасының әдіскер
нұсқаушысы, Ақтөбе қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий