Қосымша білім беру ұйымдары қашықтан ұйымдастырылған байқауларға белсене қатысуда

“Ақтөбе – Дарын” өңірлік ғылыми – тәжірибелік  қосымша білім беру  орталығы  жуырда қосымша білім беру ұйымдарының  әр түрлі бағыттағы  үйірмелерінде  білім   алатын  оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, дарынды балаларды қолдау мақсатында  республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының бастамасымен қолға алынған республикалық шаралардың облыстық кезеңдерін қашықтан ұйымдастырды. Жалпы беретін мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту, рухани адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру мақсатындағы республикалық «Бояулар  құпиясы»  жас  суретшілер байқауының  облыстық кезеңі қашықтан ұйымдастырылған айтқанымыз абзал.

Қашықтан ұйымдастырылған республикалық «Бояулар  құпиясы» жас суретшілер байқауының облыстық кезеңіне аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздары, барлығы жиырма бес оқушының жұмыстары электронды нұсқада ұсынылды. Байқауға Алға, Қарғалы, Мұғалжар, Темір және Шалқар ауданының оқушылары белсенді қатысты. Қашықтан ұйымдастырылған республикалық «Бояулар құпиясы» жас  суретшілер  байқауының облыстық   кезеңі ережеге сәйкес  «Жас суретшілердің көрмесі», «Коллаж», «Бояулар құпиясы» және «Сүйікті кітаптың иллюстрациясы»  номинациялары бойынша өтті. Қазылар алқасы оқушылардың жұмыстарын тақырып мағынасының тереңдігі, көркемдік ерекшеліктері, композициялық және түстерінің үйлесім табуы бойынша бағалады. Төменде кестеде көрсетілген оқушылардың жұмыстары жоғары бағаға ие болып, республикалық  кезеңге қашықтан қатысуға жолдама алды.

        

Қатысушының аты-жөні

Білім беру ұйымы, сыныбы

Номинация атауы

1

Абдуллина  Илонна

Қарғалы аудандық балалар өнер мектебі, ЮНЕСКО клубы

«Бояулар құпиясы»

2

Матахаева  Адина

Қалалық көркем сурет лицейі – ЮНЕСКО клубы

«Бояулар құпиясы»

3

Жомартова

Ардақ

№2 Шұбарқұдық қазақ-орыс жалпы білім беретін орта мектебінің 7 сынып

Коллаж

4

Каипова Жанерке

 

№2 Шұбарқұдық қазақ-орыс жалпы білім беретін орта мектебінің 7 сынып

Коллаж

6

Сұлтан  Жасмин

 Қалалық көркем сурет лицейі – ЮНЕСКО клубы

«Сүйікті кітаптың иллюстрациясы»

7

Косяченко Максим

Қалалық көркемсурет лицейі – ЮНЕСКО клубы

«Сүйікті кітаптың иллюстрациясы»

8

Қайратұлы Бекжан

Жас туристер стансасы

«Жас суретші»

Сонымен қатар, қазылар алқасының шешімі негізінде төмендегі оқушылардың жұмыстары жүлделі екінші жәні үшінші орындарға ие болды. Екінші орын – Искиндирова Айгерим –  Қарғалы  аудандық балалар өнер мектебі; Бузулуцкая Екатерина – Қарғалы аудандық балалар өнер мектебі; Еркінова Ақтілек – Темір аудандық көркемсурет лицейі; Мубарак Нұрсұлтан – Алға  ауданы  «Жастық жігер» аула  клубы. Үшінші орын Қуантай Бағдәулет – Шалқар аудандық көркемсурет  лицейі; Вагнер Инга – Қарғалы аудандық балалар  өнер мектебі; Жақсылықова Амангүл – Ақтөбе қаласы, Балалар шығармашылық үйі. Оқушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға баулу мақсатындағы республикалық “Ақ шағала» хореографиялық фестиваль байқауының облыстық  кезеңі  қашықтан  ұйымдастырылды.

Республикалық “Ақ шағала» хореографиялық фестиваль байқауының облыстық  кезеңіне қатысушы үміткерлер «Халық биі» және «Заманауи биі» номинациялары бойынша бақ сынаған болатын. Байқауға аудандық, қалалық кезеңнің жеңімпаздары «Қалалық оқушылар»  сарайынан бір би тобы (8 оқушы),  Әйтеке би аудандық балалар саз мектебінен үш би тобы (10 оқушы),  Қарғалы аудандық балалар өнер мектебіненекі би тобы (16 оқушы), «Ембі қалалық мектептен тыс №2 Аула клубынан» бес би тобы (30 оқушы), Ойыл балалар музыка мектебінен бір би тобы  (4 оқушы)  барлығы 12 топтың  (68  оқушының)   орындаған   жұмыстары  (бейне материалдары)  ұсынылды. Республикалық кезеңге байқау режесіне сәйкес екі бағыт бойынша жоғары ұпай жинаған Қарғалы аудандық балалар өнер мектебінің оқушылары  қашықтан қатысуға  жолдама алды. 

Аудан (қала)

Қатысушылар

Бас жүлде

I

орын

II

орын

III

орын

Мақтау

1

Әйтеке би

3 топ (10 оқушы)

 

 

 

 

3

2

Қарғалы

2 топ                (16 оқушы)

1

1

 

 

 

3

Мұғалжар

5 топ                (30 оқушы)

 

 

1

1

2

4

Ойыл

1  топ     (4оқушы)

 

 

 

 

1

5

Ақтөбе қаласы

«Қалалық оқушылар Сарайы»

 1 топ (8 оқушы)

 

 

 

 

1

Барлығы

68

1

1

1

1

7

Жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін, сахна мәдениеті мен шеберліктерін  арттыру, дарынды оқушыларды қолдау мақсатында  «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұтымды үйлестіруімен республикалық «Театрдың ғажайып әлемі» атты театр өнері фестиваль байқауының облыстық кезеңі қашықтан ұйымдастырылды. Байқауға аудандық, қалалық кезеңнің жеңімпаздары атанған алты топтың (45 оқушы) орындаған жұмыстарының электронды нұсқасы ұсынылды. Байқау төрт бағытты («Драмалық спектакль», «Музыкалық спектакль», «Әдеби-музыкалық композиция», «Қуыршақ театры») қамтыды.

Қазылар алқасы оқушылардың қойылымдарын жас ерекшеліктеріне қарай таңдауы, орындау шеберліктері,  әртістік қабілеттері мен  дикциясы, үн тазалығы бойынша бағалады. Әйтеке би аудандық Саз мектебінің «Балдырған» театр бөлімінің оқушылары дайындаған  «Кім патша» ертегісінің  қойылымы үздік деп танылып, «Театрдың ғажайып әлемі» атты театр өнері фестиваль-байқауының республикалық кезеңіне қашықтан қатысуға  жолдама  алды. Байқауға қатысушылар төмендегідей жүлделі орындарға ие болды:  

Ауданы, мектебі

Қойылым атауы

Жүлделі орны

1

 

Әйтеке би аудандық балалар саз мектебі

«Балдырған» театры

«Кім патша?» ертегісі

музыкалық

Бас жүлде

2

«Шығармашылық Академия»

«Абай»

әдеби музыкалық композиция

І орын

3

Қалалық оқушылар Сарайы

Үлгілі «Жас ART»  балалар театры

«Мақта қыз бен мысық»

драмалық

ІІ орын

4

Қарғалы аудандық балалар өнер мектебі

 

«Анашым мені қалдырма» көркемсөз 

ІІІ орын

 5

Алға ауданы «Жастық жігер» мектептен тыс аула клубы

«Сөз өрнегі» драма үйірмесі

 

 «Шыңырау» драмалық

 

 

 

Мақтау қағазы

   6

Қалалық оқушылар Сарайы

Үлгілі «Жас ART»  балалар театры

«Сыпайы қасқыр»

драмалық

 

Мақтау қағазы

Алдағы уақытта қашықтан өткізілетін  байқаулар әлі де жалғасын табады. Білім алушылардың көркемдік және халықтық қолданбалы шығармашылыққа және мәдени мұраға назарын аударту мақсатында «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» тақырыбындағы көркем және сәндік қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме байқауының және  «Алтын  қазына»  көркем және сәндік қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме байқауының облыстық кезеңін ұйымдастыру жоспарда бар.

Айгүл БИСЕКОВА,
“Ақтөбе-Дарын” өңірлік ғылыми-тәжірибелік
қосымша білім беру орталығының әдіскері

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий