Асхат Аймағамбетов Президенттік жастар кадрлық резерві мүшелерімен кездесті

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Президенттік жастар кадрлық резерві мүшелерінің білім саласында қандай өзгерістер енгізіп жатқандығы туралы айтып берді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.


– Президенттік жастар кадрлық резервінде көптеген талантты жастар барын көріп жүрміз. Бүгінде білім саласында президенттік жастар резервіне мүше жеті маман жұмыс істеп жатыр және олардың жұмыстары өз нәтижесін беруде. Талантты жастардың білім саласын жетілдіруге өз үлестерін қосып жатқанына қуаныштымыз. Бізге келген кадрлық резерв мүшелері білім саласына оң өзгерістер енгізуде, яғни қазіргі уақытта білім саласына қатысты бірнеше нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, – деді еліміздің Білім және ғылым министрі.

Асхат Қанатұлы сондай-ақ, білім саласындағы жаңа өзгерістерге тоқталып өтті. – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, тәрбие-білім саласына қатысты бірінші мәселе елімізді толықтай балабақшамен қамтамасыз ету. Оның ішінде балабақшаны көптен ашу ғана емес, сапаға мән беру. Сол сияқты баланың қандай балабақшаға баратынын ата-ананың еркіне беру. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде қолға алынуда. Екінші кезекте орта білім. Әсіресе қазіргі уақытта маңызды болып тұрған қашықтан оқу мәселесі. Осы орайда Президент қашықтан оқуды біркелкілендіруді тапсырды. Бүгінде бұл сұрақ бізде күн тәртібінде тұр және жақын уақытта ол өз шешімін табады деп ойлаймын. Келесі мәселе жоғарғы білім беру. Соңғы күндері байқап жатқандарыңыздай біз еліміз бойынша бірнеше жоғарғы оқу орнын лицензиясынан айырдық. Оның себебі білімнің дұрыс берілмеуі және сапаның болмауы. Жоғарғы оқу орындарына да қатысты түйіткілді мәселелер барын жасырмаймыз. Біздің мақсат – осы мәселелерді жүйелі түрде шешу», – деді ол.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий