Жамбылдық жас режиссерлар үздіктер қатарында

ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен бастау алған республикалық балалар мен жасөспірімдердің кинофестивалінде жамбылдық төрт оқушы жеңімпаз атанды. «Қазақстан балалары шексіз әлемде» кино фестивалі биылғы жылы онлайн форматта ұйымдастырылған болатын, – деп хабарлайды Жамбыл облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Кино фестивалінің қатысушылары бұған дейін аудан-қалалық және облыстық кезеңдерде іріктеуден өткен. Байқауға бас-аяғы 170 оқушының туындылары ұсынылды. Үміткерлер деректі кино, ойынды кино, stop-motion-видео, әлеуметтік жарнама, анимация, видео-арт, киножурнал, музыкалық фильм, ең үздік операторлық жұмыс сынды тоғыз жанрда жұмыс тапсырған. Ережеге сай, қатысушылар цифрлы технологияның көмегімен түсірілген үш минутқа дейінгі қысқа метражды фильмдерін ұсынды. Фестиваль нәтижесінде видео-арт номинациясы бойынша бірінші орынды «Жамбыл дарыны» орталығының тәрбиеленушісі Жатқанбай Мағжан, деректі кино номинациясы бойынша екінші орынды иеленді.

Жамбыл ауданындағы А.Макаренко атындағы орта мектебінің оқушысы Жамбыл Мағжан және ойынды кино номинациясы бойынша екінші орынды Т. Рысқұлов ауданындағы Алғабас орта мектебінің оқушысы Жақаш Ерболат, ал киножурнал номинациясы бойынша үшінші орынды «Жамбыл дарыны» орталығының тәрбиеленушісі Жанат Сафура жеңіп алды. Айта кету керек, режиссерлік және актерлік шеберлігімен ерекше көзге түскен жамбылдық жас киногерлер жалпы командалық есепте екінші орыннан көрінді. Алдағы уақытта білім шыңына ұмытылған жамбылдық жас жеткіншектерге шығармашылық табыс тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий