Ұстазыммен мақтанам

“Алты алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі”, – деген ағартушы акын Мағжан Жұмабаевтың бір ауыз сөзі, ұстаз мәртебесінің биік екендігін және сол ұстаздарға құрмет көрсету баршамыздың міндетіміз екенін айтып тұрғандай. Адамзаттың барлығы ұстаздың алдынан өтеді. Ұстаз көрмей өзі болған адам жоқ шығар бұл өмірде, болса да кемде-кем. Мұғалім оқушыға білім береді, білімді шәкірт жақсы мен жаманды ажырата біледі, ол адам көзі ашық жақсы азамат болып өседі.

Абай атамыздың «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан» дегені де осы болар. Барлық мамандық иелерін тәрбиелейтін құрметті ұстаздардың жыл сайын ізгі ілтипатпен ерекше аталып өтілетін кәсіби мерекелері күн санап жақындап келеді. Осы орайда жүз мыңдаған қазақстандық шәкірттердің бірі ретінде ұлағатты ұстаздарыма деген ыстық ықыласымды, көкейімдегі толғамды ойларымды қағазға түсіріп, жұртшылықтың назарына ұсынғанды жөн көрдім.

Мен елордасындағы алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханның есімін иеленген білім ордасында оқимын. Мектебім маған қатты ұнайды. Бізге білім берумен қатар,  ел үшін еңбек еткен бабаларымызды танып білуді, ұлтыңды сүюді, ана тіліңді қадірлеуді де үйретеді. Мектебіміздің директоры Сафура Сейдуалиқызымен арнайы кездесу жасап, сөйлесіп тұрамыз, біз ол кісінің ақылын тыңдап, арман мақсаттарымызды ашық айтамыз. Ал маған алғаш мектеп табалдырығын аттағанда қарсы алып, қолыма қалам ұстатып, әріп үйреткен мұғалімім Айым Аманбекқызы.

Ұстазым өте мейірімді, талапты жас өренгерді жан-жақты қолдайтын жанашыр жан. Апайымның сабақ түсіндіргені, алға жетелеп, бізбен еркін сұхбат құрғаны ұнайды. Біздің білімді оқушы, жақсы азамат болуымызға бар күшін салып, жеткен жетістіктерімізге қуанып отырады. Біз заманауи үлгімен жаңадан салынған сәуелетті мектебімді жақсы көреміз және барлық ұстаздарымызды мақтан тұтамыз. Жақсы көретін ұлағатты ұстазыма арнап жазылған жүрек жарды жыр жолдарын ұсынып отырмын. 

Жақсы боп жүрсем мақтаған,
Додаға түссем жақтаған.
Бойыма білім нәр берген,
Ұстаздарыммен мақтанам.
Қолдау көрсетіп әр кезде,
Бетімнен ешбір қақпаған.
Айым апайыма мың алғыс
Құлдыраңдатып біздерді,
Құлынындай қылып баптаған. Мен ұстазыма өмірдің бар жақсылығын тілеймін!!!

Нұрасыл НАУРЫЗБАЙ,
Әлихан Бөкейхан» атындағы №76 мектеп лицейдің
3 “К” сынып оқушысы, Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий