Ақтөбе өңірлік университеті: Түлектерді жұмыспен қамту – басты  міндет

Түлектерді жұмысқа орналастыру жоғары оқу орындары жұмысының тиімділігінің маңызды көрсеткіші. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті осы қызмет бағытына ерекше көңіл бөледі. Бұл түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу жүйесін жүйелі түрде жетілдіруде және дамытуда, жыл сайын жұмысқа орналасқан түлектердің жоғары пайызында көрініс табады. Биыл осы жоғары оқу орнын бітірген жас мамандардың көпшілігі қазірдің өзінде еңбек нарығынан өз орнын тапты. Себебі осы қара шаңырақтан диплом алып шыққан жас мамандарға сұраныс жоғары. Осы ретте университет ректоры, профессор Бауыржан Ердембековпен әңгімелескен едік.

Бүгінде мектеп бітірген жастар үшін мамандықты дұрыс таңдау маңызды. Яғни, жоғары оқу орнын бітір­ген әр түлектің жұмыспен қамтыл­ғаны жас маман үшін де, жалпы қоғам үшін де қажет және назар­дан тыс қалмайтын мәсе­ле. Осы орайда университет түлектерінің жұмыспен қам­тылуына ықпал ету бағы­тын­да қандай жұмыс атқарылуда? – Иә, бұл кез келген оқу ор­ны­­ның академиялық беделіне әсер ететін мәселе. «Жоғары оқу орнының табыстылығын баға­лаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұ­м­ыс­пен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы». – делінген Мемлекет басшысының Жолдауында. Жоғары білімді түлектеріміз бүгінде еліміз­дің барлық өңі­рінде біліктілігін іс жүзінде дәлел­деп, өздерін мық­ты маман ретін­де көрсетіп жүргенін нық сеніммен айта аламыз. Біз сапалы білім беру арқылы сту­дент­тердің өзін маман ретін­­де танытуына мүмкін­дік береміз. Бітіруші жастардың жұмысқа орналасуы назарымыздағы басты міндеттердің бірегейі. Еңбекке орналастыру бағы­тын­дағы стратегиясының негізінде түлектердің еңбекке орналасу көрсеткіші жыл сайын өсіп келеді.

————————————————————————————–

Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының (ГЦВП) мәліметі бойынша универ­ситетті 2019 жылы бітірген түлектердің бір жыл ішіндегі жұмысқа орналасу көрсеткіші 95%-ы, еңбекпен қамтылу деңгейі 96,6%-ті құрап отыр. 2018 жылы бітірген түлектерге қатысты көрсеткіш бір жылда 74,5%-ы құраған болатын.

—————————————————————————————

Бұл орайда ма­ман­дық­­тардың жергілікті кәсіп­орын­дардың сұранысына сай жұмыс берушілердің қатысуымен жасақталуы, білім беру процесінің тәжірибеге бағытталуы, өндірістік практика ауқымының өсірілуі, оқу процесіне дуалдық оқыту элементтерінің енгізілуі, өндіріспен ынтымақтастықтың дамуы маңызды орын алады. Өндіріс базаларында кафедралардың 135 филиалы құрылды. 163 пән бойынша практикалық және зертханалық сабақтар осы өндіріс базаларында өткізілді. Болашақ мамандарды аймақ­тағы Ақтөбе облысының білім беру мекемелері, Назарбаев Зияткерлік мектебі, Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер және Полиция департаменттері, кәсіпкерлік басқармасы,  «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ, «Каспий Нефть ТМЕ» АҚ, «Каспий Банк» АҚ, «Сбербанк» АҚ, «Ақтөбетранстелеком» АҚ филиалы, «Трансэнерго» АҚ, «Казхром» ТҰК АҚ, «Қазтрансойл» АҚ, «Ақтөбе хром қосындылар зауыты» АҚ, «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «ГидроЭкоресурс–L» ЖШС, «Восток Нефть СО» ЖШС  және басқа ірі өндірістік мекемелер мен кәсіпорындардың базасында дайындау – оқу про­цесінің басым бағыты. Осы бағытта жұмыс берушілердің ұсыныс-тілектерін саралап, бірлесе жұмыс істеудеміз. Сон­дай-ақ дипломдық жұмыстар мекемелердің тапсырысымен орындалады. Мамандар да­йындығын жақсартып, жоға­р­ы курс студенттерін жұмыс­­­пен қам­тамасыз ету мақсатын­да «Уни­верситет-өндіріс» серік­тес­тігі іске қосылған. 

Құрылғанына бір жыл толған «Кәсіби даму және мансап» орталығы қалай қалыптасты? Қандай жұмыстар атқарды? – Оқу орнымызда білім алушылардың өндірістік практикасын ұйымдастырудан бастап жұмысқа орналасуына дейінгі аралықтағы қыз­метті «Кәсіби даму және мансап» орта­лығы үйлестіреді. Орталық ел Президенті жанындағы «Шетелдік инвесторлардың қазақстандық қауымдастығының» және Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен былтыр жұмысын бастады. «Кәсіби даму және мансап» орталығының тынымсыз жұмысының нәтижесінде көптеген жұмыс берушілермен тиімді қарым-қатынас орнатылған. Биыл ұйымдастырылған бос орындар жәрмеңкесіне 25 білім беру ұйымдары мен 30-ға жуық компания қатысып, түлектердің арасынан өздеріне қажетті мыңға жуық мамандарды таңдап алды. Сонымен қатар облыстық, қалалық білім беру басқармаларымен, мектеп­термен, аудан әкімдерімен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз.

2019-2020 оқу жылында уни­верситет өкілдері «Жұбанов керуені» жобасы бойынша аймағымыздың барлық қалылары мен ауылдардағы мектептерді аралап, 6 мыңнан астам мектеп бітірушілермен кездесті. Бұл кез­десулер жас түлектерге бағыт-бағдар беру, «Дип­ломмен – ауылға!» бағдарламасын одан әрі дамыту, ауылдық жердегі кадр тапшылығын жоюды бірлесе шешу, жергілікті атқарушы билік пен университет арасында тығыз байланыс орнатуға ықпал етті. Жоба негізінде қала мен аудан мектептерінде университеттің кафедра филиалдары ашылып, 5 ауданда жергілікті атқарушы билік пен университет арасында меморандумдарға қол қойылды. 

Жұмыспен қамту бағыты бойынша оқу жылының басынан шаралар жоспарлы ұйымдастырылады. Олардың қатарында, Ақтөбе қаласындағы 81 мектеп директоры мен мектепке дейінгі 19 ұйым басшыларының қатысуымен «Университет-Мектеп: өзара ынтымақтастық моделі» жобасы аясында конструктивті-кәсіби диалог ұйымдастырылды, апта сайын нақты жұмыс берушілермен «Мансаптық кездесулер», пандемия жағдайында «Тікелей эфирлер» өткізілді. Сонымен қатар, педагогикалық емес бағыттағы түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында, өңіріміздің ірі мемлекеттік мекемелері мен бизнес-құрылым өкілдерімен «Ашық алаңдағы» («Open space») кездесулер ұйымдастырылды. Биылғы оқу жылында да бұл кездесу жаңа форматта – қашықтықтан «НR-кездесу» форматында жалғасын табатын болады.

Сіз басқаратын оқу орнындағы инновациялық жобалардың бірі – электронды еңбек биржасы туралы айта кетсеңіз? – «Кәсіби даму және мансап» орталығы түлектерді жұмысқа орналастыру бағытында жаңа идеялар мен жұмысқа орналастырудың мүмкін жолдарын іздеуде. Осындай инновациялық жобалардың бірі – электронды еңбек биржасы. Бұл ресейлік әріптестерімізбен бірге алғашқолға алынған болатын. Онлайн-жәрмеңке мамыр айының соңында «Факультетус» платформасында ұйымдастырылды. Қашықтықтағы еңбек биржасы бір күнге жұмыс беруші мен түлек арасындағы байланыстырушы «көпірге» айналды. Алдын-ала тіркелген жұмыс берушілерге түлектердің түйіндемелеріне қолжетімділік беріліп, онлайн-жәрмеңкеге 45 компания мен мекемелерден 200-дің үстінде бос жұмыс орындары түсті. Осы бос жұмыс орындарына түлектер өз шешімдері бойынша қызметке орналасты.

Сіздерден бітіруші түлектер қандай қала немесе аудан, ауылдарға жұмысқа орналасты? – Бітіруші түлектердің 73 пайызы Ақтөбе қаласы мен аудандарының білім беру мекемелеріне, өндіріс орындарына жұмысқа орналасты. 2019 жылы бітірген түлектеріміз Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында да еңбек етуде.

Негізінен жұмыс берушілер қандай мамандық иелеріне зәру? Оларға қандай кадрлар қажет? – Жыл сайын «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті», «Математика» пәндерінің, орыс мектептері үшін бастауыш класс мұғалімдері көп сұранысқа ие. Осы ма­мандықты таңдаған түлектер жұ­мыс­ты қиналмай табады. Жалпы ал­ғанда жылдан-жылға мұғалім мәртебесі артып, жалақысы да кө­теріліп келеді.

Егерде алдағы уақытта олар жұмыстан шығып қалатын жағдай болса университеттің жауапкершілігі бар ма? – Жұмысқа орналасып, белгілі себептермен жұмыстан шығып қалған түлектер үшін университет жауапкершілікті мойнына алмайды. Бірақ, университеттің «Кәсіби даму және мансап» орталығы өздеріне келіп түскен сұраныстармен түлектерін үнемі хабардар етіп отырады.

Жалпы, білім алушылармен нақты келісімшарт қанша мерзімге жасалады? – Оқу орнымызда кәсіби практикадан өту үшін 646 өндіріс орындарымен келісімшарттар жасалды. Бірақ, әрбір бітіруші түлек үшін жұмыспен қамту мақсатындағы уағдаластық мақұлданбайды. Мемлекеттік грант, «Ауыл квотасы» иегерлері үшін оқу орнын аяқтаған соң 3 жыл мерзімге жұмыс өтелімін атқару міндеттілігі тараптар арасындағы құқықтық құжатта нақты көрсетіледі.

Бауыржан Аманкелдіұлы, бір сөзіңізде университеттің негізгі бағыты – жас мамандарды өзімізге тарту деп едіңіз. Тұрақты дәстүрге айналған үрдіске тоқталсаңыз? – «Жұбанов жастарды шақырады» жобамыз бірнеше жыл ішінде жас мамандар мен ғалымдарды тарту бағытында нәтижесін бере бастады. Былтыр олардың қатарында өздерін көрсете білген 100-ге жуық белсенді педагогтар мен ғалымдар, магистранттар жұмысқа қабылданса, биылғы жаңа оқу жылында 40-тан астам жас маман қызметке кірісті. Олардың арасында университет түлектері, магистратура мен докторантураны бітірген түлектер де бар. Жас мамандар ретінде басқа да жоғары оқу орындарын бітірген түлектер мен шет мемлекеттерде тағылымдамадан өткен мамандарды жұмысқа қабылдадық. Жыл сайын жаңа оқу жылының басында дәстүрлі түрде университетте жас мамандармен кездесу ұйымдастырылады. Қатарымызға жаңадан қосылған мамандар біздің оқу ордамызға жаңа өзгерістер, тың идеялар алып келеді деген сенімдемін.

Мемлекеттік «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы жайында не айтасыз? Бұл жобаның басты мақсаты – елдің түрлі аумақтарындағы жұмыс күшін теңестіре отырып, кадр тапшылығы сезілетін аймақтарға жас мамандарды тарту. Жастарды қолдап, олардың білімін жетілдіруге мүмкіндік береді.  Қазір дипломы болса да, жұмыссыз жүрген жас мамандар көп. Не оқу, не жұмысқа араласпай жүргендер қаншама? Бұл бағдарлама осындай жастарға қолдау көрсетуге дайын. Өзіне ұнаған мамандығы бойынша құжаттар тапсырып, білім алып шығуына болады. Ал колледжді ақылы негізде оқып бітіргендердің осы жоба бойынша грантқа оқуға түсуіне мүмкіндіктері бар. Яғни, жобаға қатысушыларға барлық жағдай қарастырылған. Айта кетейін, 2020 жылы университетті педагогикалық мамандықтар бойынша 607 түлек бітірді. Аталмыш жоба бойынша 79 түлек, 71 түлек жалпы конкурс негізіндегі мемлекеттік білім гранты, 38-і ауылдық квота негізіндегі мемлекеттік білім гранты иегерлері атанды. Бұл мемлекеттің жастарға жасап жатқан үлкен қолдауы деп ойлаймын.

Жастарды өндірісте тәжірибеден өткізуде отандық өндіріс нысандары оларды қабылдауға  қауқарлы ма? – Университет студенттері білім бағдарламалары бойынша 646 өндіріс базасында кәсіптік практикадан өтеді. Өндіріс нысандары келісімшарттар мен академиялық күнтізбе негізінде белгіленген мерзімде білім алушыларды практикаға қабылдайды. Жетекшілер кафедралар және базалар тарапынан тағайындалады. Студенттер өндіріс орындарында теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, тәжірибелік дағдыларды меңгеріп қана қоймайды. Кейбір өндіріс нысандары студенттерімізді жалақы төленетін практикаға қабылдайды. Мысалы, арнайы келісімшарт негізінде «КазТрансОйл» компаниясы практикадан өткен әр студентке 120 мың теңге көлемінде жалақы төлейді. Дуалдық оқытуға сай практикадан өткен студенттерге жалақы төлейтін басқа да өндіріс нысандары бар. Айта кететін бір жайт, университет тарапынан практика жетекшілеріне берілетін жалақы министрлік ұсынып отырған жалақы межесінен әлдеқайда жоғары.

Пандемия адамның қалыпты өмір салтына ғана емес, еңбек нарығына да жаһандық өзгерістер енгізді. Бизнес сегменттері қайта құрылып, жаңаша жүйеленуде. Бұрыннан қалыптасқан қатынастардың форматы ескіріп, парадигмасы құбылуда. Университет-Атқарушы органдар, коллабарацияланып, жоғары оқу орындарының табалдырығын аттағалы отырған болашақ жас маманның NEET-қатарын толтырмай, жұмыспен қамту мәселесін бірігіп шешудің уақыты келді деп ойлаймын.

Әңгімеңізге үлкен рахмет. Сұхбатты жүргізген Сандуғаш БАЙҒҰЛҚЫЗЫ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий