Сапалы білім мұғалімнің шеберлігінен

Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, салауатты, жан-жақты дамыған, рухани бай, заман талабын орындай білетін тұлғаны тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті. Сондықтан да бұрын алған кәсіби құзыреттілігімді  дамыту үшін Педагогикалық шеберлік орталығында бүгінде әлемге үздік болып танылған Кембридждік жоба үлгісіндегі біліктілігін арттыру курсында білімімді одан әрі жетілдіруді басты мақсатым деп білемін.

Жаңартылған білім берудің мазмұнын игеру, мұғалімнің шығармашылық шеберлігіне байланысты. Оқушыға білім берумен бірге оны білікті түрде қолдана алуына, ақыл-ой қабілетін дамытуға, әрекет нәтижесінде белгілі тұжырым жасай алуға үйрету басты мұрат болып табылады.  Көрнекті педагог А. Выготский баланы дамыту әрекеттері оқыту барысында іске асатынын дәлелдей келіп, бала дамуының екі түрлі ортасы болатыны жайында теория ұсынды. Бірінші ортасы – айналасындағы  үлкендердің әсері, қабілетіне қарай еркін атқара алатын іс-әрекеті болса, екінші ортасы – сабақ  үстіндегі әрекеті.

Ұстаздың мақсаты – баланың  сабақ үстіндегі оқу-әрекетін тиімді әрі қызықты болатындай етіп ұйымдастыру, әрекетін бағдарлау, бағалау және соған сәйкес алдағы жұмыстарды жоспарлау болып табылады.  Пән бойынша мұғалімнің шеберлігі барынша жоғары болса да, оқушының өз белсенділігін арттыра алмаса нанымды нәтижеге жете алмайды. Себебі, оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технология-ның басты мақсатының бірі – баланы  оқыта отырып, оның еркіндігін, белсен-ділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Сондықтан да өз пәнім бойынша ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, мәдени мұраларды  жадында  өшпестей етіп сақтаған құзыретті жеке тұлға қалыптас-тыру үшін оқытудағы жаңа тәсіл 7 модулді  сабақтарымда пайдаланып жүрмін.

«Сабақ оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы», – деп А.Сухомлинский айтқандай, осы жеті модульдің ішінде өз пәніме тиімдісі, баланың қызығушылығын оятатын, білімін жетілдіретін қайсы екен деп көп ойлағаным рас. Саралай келе, әр сабақта бір немесе бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықтадым. Бұл қолданыстан ұтылғанымнан ұтқаным көп болды. Әрбір мұғалім өз сабағының – көшбасшысы. Ал көшті дұрыс бағыттай білу шеберлікке байланысты. Сондықтан да сабақта тақырып бойынша жеке, жұптық, топтық жұмыс яғни пирамидалық тәсіл түрлерін жиі қолданамын. Өйткені бұл тәсілдер оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтау белсенділігін, дағдысының дамуын қамтамасыз етеді. Сайып келгенде, мұғалім бала бойындағы туа біткен қасиеттерді дәл байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға беріп, ары қарай өз бетінше дамыта түсуіне жағдай туғызуы керек, көмектесуі қажет.  Бұл үшін ұстаздың өзі өзгеруі, яғни дәстүрлі оқытудың таптауырын сүрлеуінен арылуы тиіс.

Нұрлыбек Амандықұлы ИМАНҮСЕНОВ,
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48
мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі,
Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий