Сіз готикалық əріп а – ны білесіз бе?
1983 жылы Новосібір мемлекеттік университетінде оқып жүргенде математикалық логикадан емтихан тапсыратын болдым. Келіскен жерге келіп профессор Евгений Палютинді күтіп тұрдым. Палютин келісімен амандасып, А4 ақ қағазға ұзақ қарап “черт, я забыл готическую букву а”, – деген еді, – деп жазады физика-математика ғылымдарының кандидаты Рашид Керімбаев республикалық “АЛАШ АЙНАСЫ” сайтындағы мақаласында.
Мен шапшаң қимылдап готикалық əріп а-ны жазып бердім. Келесі сұрақтарға жауап беріп, емтиханды беске тапсырып кеттім. Он жыл өткен соң, осы оқиғаны профессор Абыз Темиргалиевич Нуртазинге айтып бердім. Ол маған суық қарап, Рашид Палютин ни когда не забывает готическую букву а, ты что-то путаешь»-деді. Мен ойланып қалдым. Бұл қалай? Сонда бұл не болғаны? Кейін мен Алматы Мемлекеттік Университетіне оқытушы болып орналастым. Студенттерге байқап сұрақ қоя бастадым. Жиырма жыл бұрын не болғанын сонда түсіндім. Бұл қаңғырған қазақ готикалық əріп а-ны білеме екен, əуелі соны тексеріп көрейін деп, мені алдап, ұмтып қалдым деп, сұрағаны екен ғой.
Загрузка...Мен, аңқау байқұс, лып ете қалып, жауап бергем ғой. Қатты налыдым. Алтын басым аман болса, бір математикалық проблеманы шешпей қоймаспын деп өзіме серт бердім. Ол үшін тіпті құдайға да жүгіндім. Бірақ мен құдайдан кешірім сұрадым. Маған проблеманы шешудің қажеті жоқ. Маған немере силасаң жетеді дедім. Мейірімді Алла, құдіреті күшті. Екеуінде сыйлады. Əлсіздік менен болды. Білім жетпеді. Əлі жинақтап жүрмін. Намыс деген осы болар. Қорлыққа төзе алмайсың. Бұл да соғыс сияқты.