Қабілетім ауыл мектебінде ашылды
Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан өсіп, еңселенген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген кәсіби тұлға болуы тиіс, – деп жазады Целиноград ауданындағы Қосшы орта мектебінің мұғалімі Ұлан ДАУЫЛ Ақмола облыстық “АРҚА АЖАРЫ” газетінің сайтында жарияланған мақаласында.
Ендеше, бүгінгі бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз, жан-жақты берген тәрбиеміз, білім мен біліктілігіміз арқылы қол жеткіземіз. Біз осы заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуымыз керек. Бұл үшін бір орында тұрып қалмай, ілгері жылжу басты мақсат болуы тиіс. «Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» дегендей, ұстаз болу бақыты меніңде басыма бұйырған бақ деп білемін. Осынау қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандықтың нағыз иесі болу үшін талмай еңбектеніп келемін.
Өзімнің ұстаздық жолымды 2012 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы №66 мектеп-лицейінде бастадым. Ауыл мектебінде оқушыларға білім беруді жөн көріп, 2015 жылы «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында ауылға келдім. Осы бағдарламаның арқасында менде осында үй сатып алып, күні бүгінге дейін ауыл мектебінде еңбек етіп келемін. Қазіргі таңда білімімді одан әрі жетілдіру мақсатында математика бойынша PhD докторантураның 3-курсында оқып жатырмын. Ғылым мен білімді ең басты қазынам, байлығым деп білетін барша жастарды, яғни, замандастарымды ауылда жұмыс істеуге шақырамын. 2013 жылы Чехия мемлекеті Прага қаласында әлем математиктерінің бас қосуында баяндама жасадым. 2019 жылы облыстық «Үздік педагог» сайысына қатысып, 1-ші орынды иелендім.
Ыбырай Алтынсарин бабамыз айтқандай, «Бұлақ көрсең көзін аш» деген тәмсілді негізге алып, еңбек етудемін. Қазіргі кезде жеткен жестіктерімде баршылық. Атап өтсем, үш бөлімнен тұратын «Логика бастамалары» оқу әдістемелік кітабым, «Логика есептерінің шығару жолдары», «100 балдық тест тапсырмалары», «Тест тапсырмаларын құру әдістемесі», «Стреометрия курсы есептерінің шығару жолдары» атты еңбектерім жарық көрді. Осындай 8 кітабымды ел ертеңі – білімді жастарға ұсынып отырмын. Осы кітаптарым барлық жастарға қолжетімді болу үшін Logika.sdo.kz сайтын құрастырып, аштым. Барлық шығарған әдістемелік құралдармен оқулықтарымды осы сайттан таба аласыздар.
Өзім еңбек ететін білім ордасында «Логика бастамалары», «Логика есептерінің шығару жолдары» оқу әдістемелік құралдарым мен кітабымның негізінде оқушыларға қосымша сабақ жүргізіледі. Соның арқасында оқушыларымыздың пәнге деген қызығушылықтары артып, олимпиадаларға, жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Қазіргі әлем бойынша болып жатқан пандемияға байланысты біздің білім беру жүйесінің өткен оқу жылының соңғы тоқсанынан қашықтық режиміне ауысқаны белгілі. Бүгінгі таңда да осы жүйе одан әрі жалғасын табуда. Осы орайда, өткен оқу жылының соңында оқушылармен қашықтықтан білім беру ZOOM платформасымен ұйымдастырылып, әр оқушымен Kahoot арқылы кері байланыс жасалып отырды.
Алдағы уақытта да осы бағдарламалармен жұмыс істеуді жалғастыра отырып, әр баланың тиімді білім алуына баса назар аудару жоспарлануда. Сондай-ақ, 2021 жылы PIZA халықаралық тестілеу өтетіні белгілі. Сондықтан, осы бағытта он бес жастан асқан оқушылардың креативті ойлау дағдыларын дамыту, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығын арттыру жолында шәкірттер менің кітаптарыммен оқытылуда. Шығармашылық деңгейімді үнемі көтеру барысында әр бағытта арнайы курстардан өтіп отырамын. Ел намысын қорғайтын талай халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда ғылыми баяндамалар жасадым.
Загрузка...Әлемдегі қазіргі күнге дейін шешімі табылмаған жеті есептің бірі Брокар-Рамануджан жорамалы туралы 1876 жылы француз ғалымы Анри Брокардың х+1=у2 осы есебінің шешімін тауып, әлем математиктерінің назарына ұсынып отырмын. Білім – ілгерлеу және барлық инновацияның қозғаушы күші.Қазіргі тез дамып жатқан кезеңде, біздер ұстаздар қауымы осы заман ағымына сай ойлап, оқушының белгілі бір жетістіктерге жетуіне және болашақта бәсекеге қабілетті мамандық иесі болуына өз үлесімізді қосуымыз қажет.