Қашықтықтан оқыту дәстүрлі оқытуды алмастыра алады ма?

Алиев Б.Ж.

Әлемде болып жатқан індет білім жүйесіне жаңа өзгерістер алып келді. Біздің мемлекетіміз де осы өзгерістерді алғашқылардың бірі болып бастан өткерді. Қашықтықтан білім беру жүйесіне бірнеше аптаның ішінде ауысып үлгерді. Қашықтықтан білім беру дәстүрлі оқыту түрін алмастыра алады ма деген сұрақ ата-анадан бастап мұғалімдерге дейін ойландырып қойды. Онлайн оқыту  қашықтықтан білім берудің жаңа түрі. Алғашында бұл оқыту түрі тек қосымша сабақтар үшін қолданылатын. Дегенмен соңғы айларда бұл сабақ түріне сұраныс артты. Сәйкесінше онлайн оқытуда қолданылатын құрал-жабдықтар, бағдарламалар, қосымшалар, онлайн тақталардың түрлері де өсті. Әрқайсысының өз артықшылықтары бар. Оны таңдау әркімнің өз еркінде.

Қашықтықтан оқытудың мынандай түрлері бар:

  • Телекурстар : бұл жерде ақпарат телебағдарламалар немесе радио арқылы таратылады. Оқушылардың сұрақ қою мүмкіншілігінсіз.
  • CD-ROM курстар: оқушылар керекті мазмұнды дисклерді алып, сол бойынша жұмыс жасайды. Оқушылардың сұрақ қою мүмкіншілігінсіз.
  • Оналйн оқыту: Интернет арқылы жүргізілетін синхронды оқыту. Оқушылар оқу барысында сұрақтарына жауап ала алады.
  • Хат алмасу арқылу оқу: WhatsApp,электрондық почта т.с.с. қосымшалар көмегімен ақпарат алмаса отырып.

Қашықтықтан оқыту дәстүрлі оқытуды алмастыра алады ма деген сұраққа жауап үшін мына деректерді көрсетіп өтсем, өзіңіз қорытындылап көрерсіз:

  1. Ыңғайлылы: 24/7 қолжетімді, берілген тапсырмалар ыңғайлы уақытта орындалады, жолға уақыт кетірілмейді.
  2. Барлығына бірдей мүмкіншілік: a) кейбір оқушылар мектепте өзін ыңғайсыз сезініп, сабақта белсенді бола алмайды, ал интернет арқылы ондай оқушылар басқаша қырынан көріне алады, белсенді болады; б) мүмкіншілігі шектеулі оқушылардың толық сабаққа қатысу мүмкіншілігі бар;
  3. Онлайн сабақты қайта көру: сабақты видеоға жазып, қайталап көру мүмкіншілігі.
  4. Үнемдеу: а) оқу орындарының шығындары азаяды, оқушыларға берілетін тамақ, жарық, су, кабинеттер үшін төленетін арендалар; б) оқушылардың мектеп формасына, транспортқа шығыны азаяды

Жоғарыда көрсетілген артықшылықтарды қорытындылай келе менің ойымша қашықтықтан оқыту толықтай дәстүрлі оқытуды алмастыра алады, егер мынандай  толықтырулар енгізілсе: Сабақтар онлайн түрде өтіп аптасына бір күн немесе келісілген уақыттарда оқушылар арнайы пәндер бойынша жұмыстарды мектепте жасау; Айына бір рет кездесіп, дөңгелек үстел ұйымдастырып, өз жетістіктерімен, қиыншылықтарымен бөлісіп, пікір алмасу. 

 

Алиев Б.Ж.
Физика пәні мұғалімі 
Нұр-Сұлтан қаласы, Назарбаев Зияткерлік мектебі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий